50-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартуы мынадай негіздердің кез келгені:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның таратуға рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) лицензияланатын қызмет түрлері бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың болуы;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының барлық кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қаражатының жеткіліксіздігі бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы