Заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы
Заңның 3-бабында кәсiпорындар мен мекемелерден, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, дара кәсіпкерлер (бұан әрі – ДК) мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстерге қолданылатыны регламенттелген.
Сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда оларды тарату Қазақстан Республикасының банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн астық қабылдау кәсіпорындарына, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiне қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн.
Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау мақсатында мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптарды белгiлеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттерi (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар ұйымдар банкрот болған кезде мүліктік массаны ұлттық басқарушы холдингтiң сатып алуы туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық тұрғыдан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылғы 1-жартыжылдықта соттар қараған істер бойынша оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасына қорыту
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
ОБОБЩЕНИЕ судебной практики применения законодательства о реабилитации и банкротстве
24 рет жүктеп алынды