147-бап. Қызметті жүзеге асыру салдарларын жоюға байланысты міндеттемелер бойынша талаптарды қаржылық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. I санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осындай объектілерді пайдалану салдарларын жою бойынша, оның ішінде болашақта туындайтын талаптарға қатысты өз міндеттемелерін орындауды қаржылық қамтамасыз етуді (бұдан әрі – қаржылық қамтамасыз ету) беруге тиіс.
2. Қаржылық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының пайдасына жүзеге асырылады.
3. І санаттағы объектінің операторы осындай объектіні пайдалану салдарларын жою бойынша өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, берілген қаржылық қамтамасыз ету сомасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының пайдасына өндіріп алуына жатады және мұндай жағдайда тиісті міндеттерді мемлекет өндіріп алынған сома есебінен орындайды.
Егер Қазақстан Республикасының пайдасына өндіріп алынған қаржылық қамтамасыз ету сомасы І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жоюдың тиісті жобасы бойынша шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, мемлекет жетіспейтін соманы тиісті объект операторының мүлкінен алуға құқылы.
4. Қаржылық қамтамасыз ету:
1) кепілдіктер;
2) банктік салым кепілі;
3) мүлік кепілі;
4) сақтандыру;
5) депозиттік шот түрінде беріледі.
5. Қаржылық қамтамасыз ету І санаттағы объект пайдалануға берілген соң үш жылдан кейін берілуге тиіс.
6. Қаржылық қамтамасыз ету I санаттағы объект операторының таңдауы бойынша, осы баптың 4-тармағында көзделген қаржылық қамтамасыз етудің бірнеше түрінің бірімен немесе олар үйлестіріле отырып беріледі.
7. Ауыстырылатын қаржылық қамтамасыз етуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолданған жағдайларды қоспағанда, І санаттағы объектінің операторы қаржылық қамтамасыз етудің бір түрін басқа түріне ауыстыруды жүзеге асыруға құқылы.
8. Осы Кодекстің 150-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, І санаттағы объектінің операторы өзінің осындай объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі барлық міндеттемесін толық орындағанға дейін қаржылық қамтамасыз етудің үздіксіз болуын қамтамасыз етуге міндетті.
9. Қаржылық қамтамасыз етудің мөлшері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес, І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі жұмыстардың есептік құны негізге алына отырып айқындалады және әр жеті жыл сайын қайта есептелуге жатады.
10. І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі жұмыстардың құнына әкімшілік және басқарушылық шығыстар, сондай-ақ:
1) пайдалану аяқталғаннан кейін қоршаған орта құрамдастарына ықтимал жағымсыз әсер ететін жабдықты залалсыздандыруға, бөлшектеуге және құрылысжайлар объектілерін бұзуға;
2) технологиялық жабдықты бөлшектеуге және жоюға;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ
3) қалдықтарды игеруге;
4) бүлінген жерлерді рекультивациялауға;
5) жерүсті және жерасты сулары, атмосфералық ауа сапасының, топырақ пен өсімдіктің жай-күйі сапасының мониторингіне;
6) кешенді экологиялық рұқсаттың шарттарында көзделген, I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі өзге жұмыстарды орындауға арналған шығыстар қосылуға тиіс.
10-1. I санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес күрделі құрылыстарды (ғимараттарды, құрылысжайларды, кешендерді) қайта бейіндеу және (немесе) өзге де пайдалану жөніндегі жоспарларды жасайды.
11. Осы бапқа сәйкес мыналар:
1) өздеріне қатысты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді берген немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жою қоры қалыптастырылған I санаттағы объектілер;
2) өздеріне қатысты мұндай объектілердің операторы осы Кодекстің 350-бабының 16-тармағына сәйкес жою қорын қалыптастырған полигондар үшін қаржылық қамтамасыз ету талап етілмейді.
12. Осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес берілетін қаржылық қамтамасыз етусіз I санаттағы объектілерді пайдалануға тыйым салынады.
І санаттағы объект қаржылық қамтамасыз етусіз пайдаланылған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осындай объектінің пайдаланылуын тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.
13. I санаттағы объектіге меншік құқығының немесе өзге де заттай құқықтың өтуімен жаңа операторға қаржылық қамтамасыз етуді беру жөніндегі міндеттеме өтеді және алдыңғы оператор осы бапқа сәйкес осындай жаңа оператор қаржылық қамтамасыз етуді бергенге дейін олар шартта ортақ жауапкершілікті белгілеген жағдайды қоспағанда, осы объектіге тиісті құқық берілген күннен бастап осы міндеттемеден және I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемеден босатылады.
14. Егер І санаттағы объектінің операторы берген қаржылық қамтамасыз ету оған байланысты емес себептер бойынша осы Кодекстің талаптарына сәйкес келуін тоқтатса немесе тоқтап қалса, мұндай оператор күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін жаңа қаржылық қамтамасыз етуді беруге міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде мұндай ауыстыру жүргізілмесе, оператор I санаттағы тиісті объектіні пайдалануды дереу тоқтата тұруға міндетті. Мұндай І санаттағы объектіні пайдалануды қайта бастауға осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін қаржылық қамтамасыз ету берілгеннен кейін ғана жол беріледі.
15. Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау