118-1-бап. Уәкілетті органның банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді таратуды жүргізу тәртібі Оңалту және банкроттық туралы Заңы
1. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату рәсімін жүргізу жөніндегі міндеттер уәкілетті органға жүктелген кезде оған әкімшінің осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттері өтеді.
2. Уәкілетті орган:
1) сот банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды орналастыруға;
2) осы Заңның 90-бабында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға;
3) кредиторлар жиналысымен келіскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қорытынды есепті және тарату балансын бекіту үшін сотқа ұсынуға;
4) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтінішті банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жіберуге міндетті.
3. Борышкердің мүлкі болмаған жағдайда, уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімі қалыптастырылған күннен бастап бір ай мерзімде қорытынды есепті және тарату балансын келісу үшін кредиторлар жиналысына ұсынуға міндетті.
4. Борышкерді таратуды жүргізу барысында мүліктік масса және (немесе) бұрын шығарылған мүліктің мүліктік массаға қайтарылғаны анықталған, сондай-ақ осы Заңның 114-бабының 3-тармағында көзделген ережелер сақталмаған кезде уәкілетті орган банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы шешім қабылдаған сотқа банкроттық рәсімін қозғау туралы өтінішхатпен жүгінуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау