Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 120-бап. Мәжбүрлеп таратуды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

120-бап. Мәжбүрлеп таратуды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

120-бап. Мәжбүрлеп таратуды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап: 

      осы Заңның 84-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген салдар басталады; 

      банктің бұрын жұмыс істеп келген органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы қызметкерлері, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады. 

      2. Банктi мәжбүрлеп таратуға байланысты барлық шығыстар, осы Заңның 84-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы банктiң қаражаты есебiнен ғана жүргiзiледi. 

      3. Тарату комиссиясы банктің мүлкiн бағалауды Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргiзедi. 

      4. Банктің шетел валютасында көрсетілген міндеттемелері соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен есепке алынады. 

      5. Аралық тарату балансын және мәжбүрлеп таратылатын банктiң кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi. 

      6. Аралық тарату балансы бекітілгенге дейін қарсы біртекті талаптарды есепке алуды жүргізуге жол беріледі. 

      Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін қарсы біртекті талаптарды есепке алу осы кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиісті кезегі басталған кезде ғана жүргізіледі. 

      Мәжбүрлеп таратудың кез келген кезеңінде мәжбүрлеп таратылатын банкке: 

      құқықты (талапты) басқаға беру шартынан;  

      банктік қарыз берілген және (немесе) талап туындайтын өзге де мәміле жасалған күні бір-біріне үлестес болып табылған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесінде туындаған қарсы біртекті талаптарды есепке алуды жүргізуге тыйым салынады. 

      7. Банктің тарату комиссиясы мәжбүрлеп таратылатын банктің мүлкін өткізуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді. 

      8. Уәкілетті орган банктiң тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асырады. 

      9. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын ұсынады. 

      Сот уәкілетті органнан және тарату комиссиясынан тарату ісін жүргізуге байланысты кез келген ақпаратты сұратуға құқылы. 

      Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтеді және тарату iсiн жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады. 

      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн Мемлекеттік корпорацияға және уәкiлеттi органға жiбередi. 

      Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оларды – Мемлекеттік корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті. 

      Тарату комиссиясы банктi мәжбүрлеп тарату аяқталғаннан кейін архивке құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi. 

      10. Тарату комиссиясы банк қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк қызметінің тоқтатылуы тіркелгені туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы