Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар Электр энергетикасы туралы Заңы

20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар Электр энергетикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар  Электр энергетикасы туралы Заңы 

      1. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Жүйелік авариялардың алдын алу немесе оларды жою үшін жүйелік оператор меншік нысанына қарамастан, кез келген энергия өндіруші ұйымдардың резервтерін (генерацияланатын қуатты жүктеуге де, жүктен босатуға да) және тұтынушылардың дербес қоректену көздерін іске қосады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Авариялық бұзушылықтардың алдын алу немесе оларды жою үшін гидроэлектр станцияларының генерацияланатын қуатын өзгерту қажет болған кезде жүйелік оператордың гидроэлектр станцияларының реттеушілік қабілетін пайдалану үшін гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекітілген графиктеріне өзгерістерді жедел енгізуге құқығы бар.

      4. Электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы өтей алмайтын теңгерiмсiздiк туындаған кезде жүйелiк оператордың Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр тогының нормативтiк жиiлiгiн ұстап тұру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы. 

      Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы