145-бап. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілердегі қызметтің салдарларын жою туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану тоқтатылғаннан кейін объектілердің операторлары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай объектілерді пайдалану салдарларын жоюды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарларын жою шеңберінде жер учаскелерін адамдар өмірінің және (немесе) денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен, сондай-ақ осындай объектілердің сипатына қарай, оларды нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіру бойынша – құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату, жер қойнауын пайдалану салдарларын жою, гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау, полигондарды және қалдықтарды, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды сақтау мен жоюдың өзге де орындарын жабу бойынша жұмыстар, атом энергиясын пайдалану объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі қызметті қауіпсіз тоқтату бойынша іс-шаралар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жұмыстар жүргізілуге тиіс.
3. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарын жою оларды жою (прогрессивті жою) жөніндегі жұмыстар көлемін азайту мақсатында осындай объектілерді пайдалану аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау