274-бап. Кен іздеушіліктің салдарын жоюды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі
Кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету банктік салым кепілі немесе екінші деңгейдегі банк берген кепілдік түрінде беріледі.
Қамтамасыз етудің жалпы сомасы кен іздеушілік учаскесінің аумағын құрайтын гектар санының және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және кен іздеушілікке арналған лицензияны беруге өтініш берілген жылы қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш негізінде есептеледі. Бір гектар үшін қамтамасыз етудің мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайды.
Қамтамасыз етудің сомасын жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке қайтарылған кен іздеушілік учаскесі аумағының бір бөлігіне сәйкес келетін гектарлардың санына мөлшерлес азайтуы мүмкін.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы