444-бап. Құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ставка қабылдауы –
ойын құралдары, ақша, заттар және өзге де құндылықтар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарды, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдарды, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген, мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған , сондай-ақ бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдарды құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдардың, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген, мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған , сондай-ақ бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарға және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігуге қатысуына рұқсат ету –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі адамдардың құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруына және өткізуіне рұқсат ету –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы