158-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жiберу негiзi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді фтизиопульмонологиялық ұйымдарда оқшаулаумен бірге туберкулезге қарсы және симптоматикалық емдеуді қамтиды және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуге мыналар негіздер болып табылады:
1) пациенттің медициналық құжаттамасында тіркеп-белгіленген, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың емделуден бас тартуы;
2) пациенттің медициналық құжаттамасында тіркеп-белгіленген, өз бетінше кетуі және күнтізбелік бір ай ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз өткізу түрінде емдеу режимін бұзуы.
3. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар фтизиопульмонологиялық ұйымдардан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға есепке тұруға міндетті.
Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
4. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген адамдарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының арызы бойынша қабылдайды.
5. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде жүрген адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын фтизиопульмонологиялық ұйымдарда болу режимін сақтау қажеттігіне байланысты шектеулермен пайдаланады.
6. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамның жұмыс орны сақталады.
Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек өтілі үзілмейді және жалпы еңбек өтіліне есепке жазылады.
7. Фтизиопульмонологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу сотталғандыққа алып келмейді.
8. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген, мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғынжайында тұратын адамның емдеуде болған бүкіл уақытында тұрғын үйі сақталады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы