165-бап. Байланысты гранттарды тарту Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
1. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға іріктелген өтінімдер негізінде донорларға байланысты гранттарды беруге арналған өтінімдерді жібереді.
2. Донор байланысты грантты тартуға арналған өтінімді мақұлдаған жағдайда, оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.
Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті бюджет комиссияларының өтінімдерді мақұлдау қорытындылары бойынша байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін бекітеді.
3. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті бюджет комиссияларының ұсыныстары негізінде бір жыл ішінде байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің бекітілген тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.
4. Байланысты грант туралы келісім республикалық немесе жергілікті бюджеттер бекітілгеннен кейін жасалады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен.
165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын мемлекеттік әріптес не концедент жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы