Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiңтиiстi бабында белгiленген шектерде және осы Кодекстiң Жалпы бөлiгiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.
  2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана, ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза түрі тағайындалады. Жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiніңтиiстi баптарында көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстiң 58 және 60-баптарынасәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi баптарында көзделгеннен онша қатаң емес жаза тағайындау үшiн негiздер осы Кодекстiң 55-бабында айқындалады.
  3. Жаза тағайындау кезiнде қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, кінәлі адамның жеке басы, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi оның мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

38-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазалау түсінігі мен мақсаттары

38-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазалау түсінігі мен мақсаттары 1. Жаза-сот үкімі бойынша тағайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы....

Толық оқу »

39-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

39-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңЖаза дегенiмiз - сот үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қ...

Толық оқу »

39-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазалау түрлері

39-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазалау түрлері 1. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданыл...

Толық оқу »

2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 141-бабы үшінші және бесінші бөліктері, алтыншы бөлігі 1) және 3) тармақшалары ережелерінің ҚР Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 6 нормативтік қаулысы.

2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 141-бабы үшінші және бесінші бөліктері, алтыншы бөлігі 1) және 3) тармақшалары ережелерінің Қазақстан...

Толық оқу »