15-бап. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу Бал ара шаруашылығы туралы Заңы
1. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу, сондай-ақ балауыз тетіктерін өндіру Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
3. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекiткен аса қауiптi аурулар тiзбесiне енгiзілген ауруларға қарсы күресу мақсатында ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы N 303 Заңы.
Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы