444-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды уақтылы байқау және оған тойтарыс беру бойынша не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызметті) атқару қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет мемлекеттiң мүдделерiне елеулі зиян келтiруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2 Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3 Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер –
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы