Түсініктеме 607-бабына Теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
- Теміржол жолын теміржол өткелінен тыс жерден кесіп өту, шлагбаум жабық немесе жабылып жатқан кезде не бағдаршамның немесе өткел бойынша кезекшінің тыйым салатын сигналы кезінде теміржол өткеліне шығу – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау – көлік құралын басқару құқығынан алты ай мерзімге айыруға әкеп соғады.
Құқық бұзушылықтың объектісі жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Теміржол өткелдерінен өту қағидалары жол жүрісі қағидаларында көзделген. Жол жүрісі қағидаларына сәйкес теміржол өткелі деп жолдың теміржол жолдарымен бір деңгейде қиылысуы түсініледі. Өткелдің шекарасы ең жақын рельстен 10 м қашықтықта орналасқан ойша жүргізілген сызықпен шектелген жол учаскесі болып табылады.
Қарастырылып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтың объективтік жағы теміржол жолдарынан өту қағидаларын бұзатын құқыққа қайшы әрекеттермен (әрекетсіздікпен) көрініс табады және төрт саралаушы белгімен сипатталады, олар:
- теміржол жолын теміржол өткелінен тыс жерден кесіп өту;
- шлагбаум жабық немесе жабылып жатқан кезде теміржол өткеліне шығу;
- бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде теміржол өткеліне шығу;
- өткел бойынша кезекшінің тыйым салатын сигналы кезінде теміржол өткеліне шығу.
2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194 «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 4-тармағының 27) тармақшасына сәйкес көлік құралдарының жүргізушілеріне теміржол өткеліне мынадай жағдайларда шығуға тыйым салынады:
- шлагбаум жабық немесе жабыла бастаған кезде (бағдаршам сигналына қарамастан);
- бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде (шлагбаумның орналасуына және бар-жоғына қарамастан);
- өткел бойынша кезекшінің тыйым салатын сигналы кезінде (кезекші жүргізушіге кеудесімен немесе арқасымен қарап тұрғанда, қолын жоғары көтеріп таяқшаны, қызыл фонарьды немесе жалаушаны ұстағанда не қолдарын екі жаққа созып тұрғанда);
- өткелдің арғы жағында жүргізушіні өткелде тоқтауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болған жағдайда;
- көріну шегінде өткелге пойыз (локомотив, дрезина) жақындап келе жатқан жағдайда;
- теміржол жолдарынан теміржол өткелдерінен тыс жерлерде өтуге.
Жол жүрісі қағидаларының 15-бөліміне сәйкес көлік құралдарының жүргізушілері теміржол жолдарын тек теміржол өткелдері арқылы ғана кесіп өте алады және пойызға (локомотивке, дрезинаға) жол беруге міндетті.
Теміржол өткеліне жақындаған кезде жүргізуші жол белгілерінің, бағдаршамдардың, жол таңбаларының талаптарын, шлагбаумның орналасуын және өткел бойынша кезекшінің нұсқауларын басшылыққа алуға, сондай-ақ жақындап келе жатқан пойыздың (локомотивтің, дрезинаның) жоқ екеніне көз жеткізуге міндетті.
Өткелге шығуға мынадай жағдайларда тыйым салынады:
- шлагбаум жабық немесе жабыла бастаған кезде (бағдаршам сигналына қарамастан);
- бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде (шлагбаумның орналасуына және бар-жоғына қарамастан);
- өткел бойынша кезекшінің тыйым салатын сигналы кезінде (кезекші жүргізушіге кеудесімен немесе арқасымен қарап тұрғанда, қолын жоғары көтеріп таяқшаны, қызыл фонарьды немесе жалаушаны ұстағанда не қолдарын екі жаққа созып тұрғанда);
- өткелдің арғы жағында жүргізушіні өткелде тоқтауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болған жағдайда;
- көріну шегінде өткелге пойыз (локомотив, дрезина) жақындап келе жатқан жағдайда.
Бұдан басқа, мыналарға тыйым салынады:
- теміржол жолдарын теміржол өткелдерінен тыс жерлерде кесіп өтуге;
- өткел алдында тұрған көлік құралдарын қарсы қозғалыс жолағына шығып айналып өтуге;
- шлагбаумды өз бетінше ашуға;
- ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа да машиналар мен механизмдерді көлік құралы ретінде пайдаланылмайтын күйде өткел арқылы өткізуге;
- теміржол жолының дистанциясы бастығының рұқсатынсыз жылдамдығы сағатына 8 км-ден кем баяу жүретін машиналардың, сондай-ақ трактор шаналарының-сүйретпелерінің қозғалысына.
Жол жүрісі қағидаларының 11.5-тармағына сәйкес теміржол өткелдерінде және олардың алдындағы 100 м-ден жақын жерде басып озуға тыйым салынады.
Жол жүрісі қағидаларының 12.4-тармағының негізінде теміржол өткелдерінде көлік құралын тоқтатуға тыйым салынады.
Жол жүрісі қағидаларының 12.5-тармағына сәйкес теміржол өткелдерінен 50 м-ден жақын жерде көлік құралын қоюға тыйым салынады. Өткел арқылы жүруге тыйым салынған жағдайларда жүргізуші тоқтау сызығының, жол жүрісі қағидаларының 2.5 белгісінің немесе бағдаршамның алдында, ал олар болмаған кезде теміржол өткелінің шекарасында тоқтауға міндетті.
Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамастан теміржол өткелі арқылы өткен жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша қосымша саралау талап етілмейтінін атап өткен жөн.
Қарастырылып отырған баптың екінші бөлігінің объективтік жағы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді (әрекетсіздікті) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаумен сипатталады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Ерекше бөлімінің нормаларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 21-тармағында әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасаудың ерекшеліктері түсіндірілген. Егер бұрын жасалған құқық бұзушылық үшін адам заңда белгіленген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босатылған болса, құқық бұзушылық қайталанған болып танылмайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі нормативтік қаулысының 17-тармағында құқық бұзушылық оқиғасын баяндау кезінде ӘҚБтК-нің Ерекше бөлімінің құқық бұзушыға тағылатын баптың диспозициясынан туындайтын барлық саралаушы белгілерін, оның ішінде әрекеттердің қайталануын көрсету қажеттігі түсіндірілген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарына қайталап құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын, заңды күшіне енген соттың (лауазымды адамның) қаулысының көшірмесі не Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті органдарының мәліметтері қоса тіркелуге тиіс. Қайталануды анықтау кезінде сот ӘҚБтК-нің 61-бабында көзделген, адам әкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін мерзім туралы ӘҚБтК-нің Жалпы бөлімінің ережелерін басшылыққа алуға тиіс.
Осы бап бойынша субъективтік жағы кінәнің қасақана немесе абайсызда жасалған нысанында көрініс табуы мүмкін.
Осы бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық субъектілері барлық жеке тұлғалар, атап айтқанда көлік құралдарының жүргізушілері болып табылады.
Түсіндіріліп отырған бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қарауға құқылы органдар мен лауазымды адамдар:
- екінші бөлік бойынша – мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары;
- бірінші бөлік бойынша – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары мен департаменттерінің бастықтары, ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің, әкімшілік полиция, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастықтары және олардың орынбасарлары (ӘҚБтК-нің 685-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы);
- бірінші бөлік бойынша – арнайы атақтары бар ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкерлері (ӘҚБтК-нің 685-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы);
- бірінші бөлік бойынша – әскери полиция органдарының уәкілетті лауазымды адамдары (ӘҚБтК-нің 727-бабының 1-бөлігі).
ӘҚБтК-нің 607-бабының барлық бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық жасалған жағдайда, полиция қызметкерлері көлік құралдарын ұстап алуға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы. Бұл ретте көлік құралдары ұстау себептері жойылғанға дейін арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе көліктік бақылаудың стационарлық бекетіне іргелес алаңдарға, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалану арқылы уақытша сақтауға жеткізіледі (ӘҚБтК-нің 797-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы).
Түсіндіріліп отырған бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді қозғауға құқылы тұлғалар:
- арнайы атақтары бар ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкерлері (ӘҚБтК-нің 804-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы);
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары – әскери қызметшілер, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер және Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарын басқаратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша (ӘҚБтК-нің 804-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы) (ӘҚБтК-нің 804-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары – арнайы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын басқаратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша (ӘҚБтК-нің 804-бабы 1-бөлігінің 5-тармағы);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдары – әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша (ӘҚБтК-нің 804-бабы 1-бөлігінің 6-тармағы);
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – күзет іс-шараларын өткізу кезінде (ӘҚБтК-нің 804-бабы 1-бөлігінің 46-тармағы).
ӘҚБтК-нің 812-бабының негізінде ӘҚБтК-нің 607-бабының барлық бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтардың барлық құрамы бойынша істер көлік құралдары тіркелген жері немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін.
Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы істер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне ғылыми-практикалық түсініктеме (баптар бойынша)
Авторлар ұжымы:
Бачурин Сергей Николаевич, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 48-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп);
Габдуалиев Мереке Трекович, заң ғылымдарының кандидаты – 11, 21, 22, 23-тараулар;
Жусипбекова Айнур Маратовна, заң магистрі – 13-тарау (А.В. Карпекинмен бірлесіп); 33, 39-тараулар (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп);
Карпекин Александр Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 13-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп);
Корнейчук Сергей Васильевич – 2-тарау; 6-тарау (О.Т. Сейтжановпен, Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 8-тарау; 25-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 457–470, 488, 488-1, 491–506-баптар; 28, 30, 52-тараулар;
Корякин Илья Петрович, заң ғылымдарының докторы, профессор – 49-тарау;
Кысыкова Гульнара Бауыржановна, заң ғылымдарының кандидаты – 20-тарау;
Омарова Ботагоз Акимгереевна – 17-тарау; 18-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп); 26, 31-тараулар; 32-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп);
Парманкулова Баян Асханбаевна – 18-тарау (Б.А. Омаровамен бірлесіп); 19-тарау; 32-тарау (Б.А. Омаровамен бірлесіп); 43-тарау (А.С. Тукиевпен бірлесіп);
Подопригора Роман Анатольевич, заң ғылымдарының докторы, профессор – 24-тарау, 489, 489-1, 490-баптар;
Порохов Евгений Викторович, заң ғылымдарының докторы – 14, 15, 16, 29-тараулар, 471–475-баптар;
Сейтжанов Олжас Темиржанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 4-тарау; 5-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 6-тарау (С.В. Корнейчукпен, Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 9, 10-тараулар; 10-тарау (Б.Е. Шаймерденовпен, В.В. Филинмен бірлесіп); 33-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп); 36-тарау (Б.Е. Шаймерденовпен бірлесіп); 39-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп);
Смышляев Александр Сергеевич, PhD докторы – 38, 40, 42, 43-1-тараулар (А.С. Тукиевпен бірлесіп); 44-тарау;
Тукиев Аслан Султанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 1, 3, 35-тараулар; 38, 40, 42-тараулар (А.С. Смышляевпен бірлесіп); 43-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп); 43-1-тарау (А.С. Смышляевпен бірлесіп); 44-1-тарау (Д.А. Шипппен бірлесіп); 45-тарау; 46-тарау (Д.А. Шипппен бірлесіп); 47-тарау;
Филин Владимир Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 10-тарау (О.Т. Сейтжановпен, Б.Е. Шаймерденовпен бірлесіп);
Хакимов Ержан Маратович, заң магистрі – 5-тарау (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп); 6-тарау (О.Т. Сейтжановпен, С.В. Корнейчукпен бірлесіп); 7-тарау; 25-тарау (С.В. Корнейчукпен бірлесіп); 34, 41-тараулар; 48-тарау (С.Н. Бачуринмен бірлесіп); 53-тарау;
Шаймерденов Болат Еркенович, заң магистрі – 10-тарау (О.Т. Сейтжановпен, В.В. Филинмен бірлесіп); 12-тарау; 476–487, 507–509-баптар; 36-тарау (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп); 37, 50, 51-тараулар;
Шипп Денис Алексеевич – 44-1, 46-тараулар (А.С. Тукиевпен бірлесіп).
Актінің өзгертілген күні: 01.01.2020
Актінің қабылданған күні: 01.01.2020
Қабылданған жері: 100050000000
Актіні қабылдаған орган: 103001000000
Қолданылу өңірі: 100000000000
Нормашығармашылық орган берген нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі: 5
Актінің мәртебесі: new
Құқықтық қатынастар саласы: 029000000000 / 028000000000 / 029002000000 / 028004000000 / 029001000000 / 026000000000 / 001000000000 / 001008000000 / 030000000000
Актінің нысаны: КОММ / КОД
Заңдық күші: 1900
Актінің тілі: орыс тілі
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау