584-бап. Кемелердi, оның ішінде шағын көлемді кемелерді iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Навигациялық жабдықтың, байланыс пен сигнал берудiң жүзетін және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа да гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық жабдықты күтiп-ұстау, пайдалану қағидаларын және оның белгiленген жұмыс режимiн бұзу, навигациялық белгiлер мен сигналдарды айырып-тануға кедергi келтiретiн белгiлерді, құрылыстарды, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздерді тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) орнату –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау –
бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы