578-бап. Теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Теңіз көлігінде кемелердің маневр жасауы мен қозғалуының белгіленген тәртібін бұзу, нұсқалған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс және жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе тоқтата тұру, кемелерді сүйрету тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын орындамау –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиісті рұқсаттарсыз жүргізу немесе осы жұмыстар кезінде сигналдар беру қағидаларын сақтамау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы