Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралыҚазақстан Республикасының Кодексі 

      1. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын: 

      1) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіру; 

      2) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалану түрінде бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – 

      жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

      жеке тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы