298-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегiқағидаларды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының қадағалауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi белгiленген талаптарды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келмесе, –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қауіпті өндірістік объектідегі, қауіпті техникалық құрылғыдағы авария, оқыс оқиға фактісін жасыру –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы