9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы
1. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады.
2. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
3. Бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 4-бабының 9) тармақшасында көзделген жағдайда өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.11 № 434; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы