Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 235-бап. Меншiк құқығына ие болу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

235-бап. Меншiк құқығына ие болу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

235-бап. Меншiк құқығына ие болу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

    1. Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншiк құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиедi.

      Мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған жемiстерге, өнiмге, табысқа меншiк құқығы осы Кодекстiң 123-бабына сәйкес алынады.

      2. Меншiк иесi бар мүлiкке меншiк құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлiктi иелiктен айыру туралы өзге де мәмiленiң негiзiнде ие болуы мүмкiн.

      Азамат қайтыс болған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлiк бойынша басқа адамдарға көшедi.

      Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына - заңды тұлғаларға көшедi (осы Кодекстiң 46-бабы).

      Меншiк иесiнiң мүлкiн меншiк иесiнiң еркiнен тыс басқа тұлғаға беруге осы Кодексте көзделгеннен басқа реттерде жол берiлмейдi.

      3. Осы Кодексте көзделген реттер мен тәртiп бойынша тұлға меншiк иесi жоқ мүлiкке, меншiк иесi белгiсiз мүлiкке, не меншiк иесi бас тартқан немесе өзге негiздер бойынша ол меншiк құқығын жоғалтқан мүлiкке меншiк құқығын алуы мүмкiн.

      3-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен жер учаскесін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою кезінде, сондай-ақ жер учаскесін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару кезінде мүлікке меншік құқығына ие болады.

      4. Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативiнiң мүшелерi, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшiн өзiнiң үлестiк жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерге және (немесе) тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрғын үйге, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесіне меншік құқығын немесе өзге де заттай құқықтарын иемденуге байланысты қатынастар "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы