238-бап. Шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы пайда болатын кез Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берiлген кезден бастап пайда болады.
1-1. Егер шарт бойынша мүлікті иеленушінің меншік құқығы мемлекеттік тіркелуге жататын болса, онда мүлікті иеленушінің меншік құқығы, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, осындай тіркеу жасалған кезден бастап туындайды.
2. Егер мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт мемлекеттiк тiркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншiк құқығы тiркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттың куәландыруы да, мемлекеттiк тiркеу де қажет болған жағдайда ол тiркелген кезден бастап пайда болады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы