236-бап. Жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы мемлекеттік тіркеу кезінен бастап туындайды.
2. Егер заңдарда немесе шартта құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдап алу көзделген болса, онда тиiстi мүлiктi жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледi.
3. Алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлiкке құқықты мемлекеттік тіркеу кезіне дейін мүлікке материалдар мен жылжымайтын мүлік тұрғызылатын басқа мүлікке меншік құқығы туралы қағидалар қолданылады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы