40-бап. Масс-медиада балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер Масс-медиа туралы Заңы
1. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда азамат не баланың заңды өкілі құқыққа қайшы әрекеттер орын алған масс-медианың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалып жатқан кибербуллинг фактілері туралы өтінішпен уәкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жүгінуге құқылы.
Жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында берілген өтініштер қол қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Жауап мемлекеттік тілде немесе жүгіну тілінде ұсынылады.
Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және өтінішке жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, уәкілетті орган қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ал өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
2. Егер өтініш мазмұнында балаға қатысты кибербуллинг фактілері жасалып жатқан масс-медиа көрсетілмесе, өтінішті қараудан бас тартылады.
3. Кибербуллинг фактілері бойынша азаматтың не баланың заңды өкілінің өтінішіне жауап ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Өтінішті қараудан бас тартуға азамат не баланың заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Ескертпе. Осы баптың мақсатында кибербуллинг деп масс-медиа пайдаланыла отырып жасалған, балаға қатысты қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан да көп) әрекеттер, баланы қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер түсініледі.
Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы