88-бап. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұруды салық органы:
1) салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарламаны орындамаған немесе орындалмаған деп тану туралы шешім шығарған;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерін растау туралы хабарлама орындалмаған;
3) алдыңғы алты ай ішінде қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті өз бетінше ұсынбаған қосылған құн салығын төлеушінің мұндай салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткен;
4) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті ұсыну қайта басталған күнге дейін осындай салықтық есептілікті табыс етуді осындай салықты төлеуші тоқтата тұрған;
5) дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
6) заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
7) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
8) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
9) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп танылғаны туралы нөмірлер тізілімінен мәліметтер келіп түскен;
10) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238 немесе 245-баптары бойынша осы заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қызметі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған сот актісі заңды күшіне енген;
11) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны іздестіру туралы қаулы шығарылған;
12) болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты емес екендігі не заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер болып табылатын шетелдік жеке тұлғаның немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының рұқсат етілген мерзімінің өткені туралы мәліметтер келіп түскен;
13) дара кәсіпкер әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген;
14) бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) қосылған құн салығын төлеуші-заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын салық төлеуші әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген;
15) салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша болжамды алшақтықтар туралы хабарламаны орындамаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
2. Салық органы:
1) осы баптың 1-тармағының 1) – 4) және 12) – 14) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда осындай тоқтата тұру себептері жойылған;
2) осы баптың 1-тармағының 7) – 12) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкестігі тоқтатылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін тоқтата тұрудың күшін жояды.
3. Электрондық шот-фактуралар жазып беруді тоқтата тұру және тоқтата тұрудың күшін жою туралы шешімдерді салық органы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде қабылдау үшін негіздер туындаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Электрондық шот-фактуралар жазып беруді тоқтата тұру және тоқтата тұрудың күшін жою туралы шешімдер қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіге ұсынылады.
4. Электрондық шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрған салық төлеушілер туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде орналастырылады.
Осы мәліметтер электрондық шот-фактуралар жазып беруді тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталуға жатады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
88-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға мынадай қызмет түрлерін:
1) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды өндіруді;
2) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;
3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiруді;
4) алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;
5) темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
6) ойын бизнесiн;
7) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
8) осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды);
9) 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
10) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.
2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жеріндегі салық органдарында жүргізіледі.
3. Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензияның қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында (темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізуді қоспағанда) көрсетілген қызмет түрлері бойынша лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі деректерінің негізінде жүргізіледі.
Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 5) (темекі бұйымдарын өндіруді қоспағанда), 6 – 10) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.
5. Осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетiлген хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Хабарламаға мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiне меншiк немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), автожанармай құю станциясына меншiк немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың немесе автожанармай құю станциясын иеленушімен жасалған, оған сәйкес автожанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген өкіл) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газахолды және (немесе) бензанолды бөлшек саудада өткізуді өтініш берушінің (сенім білдірушінің) атынан немесе оның тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын тапсырма шартының не мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартының;
осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізу кезінде қоймалық үй-жайға меншiк құқығын немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Тапсырма шартын және мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартын қоспағанда, шарттардың қолданылу мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс.
Салыстырып тексеру үшiн шарттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, шарттардың көшiрмелерiн нотариат куәландыруға тиіс.
6. Салық органы салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды:
1) хабарлама берілген күннен бастап;
2) лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемесі (стационарлық орындар) болған жағдайда тіркеу есебіне қою әрбір ойын мекемесі (стационарлық орын) бойынша бөлек жүзеге асырылады.
Стационарлық орын ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын болып табылады.
8. Ойын мекемесінің (стационарлық орынның) аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді пайдалануға және олардың болуына тыйым салынады.
9. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті болған кезде әрбір салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні тіркеу есебі бөлек жүргізіледі.
10. Осы баптың 1-тармағы 1) – 5) тармақшаларының мақсаттары үшін салық салуға байланысты объектілер деп мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісі, мұнай өнімдері базасы, резервуар, автожанармай құю станциясы, мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартында немесе мұнай өнімдерін өндірушімен (мұнайды берушілер үшін) жасалған шартқа қосымшада (ерекшелікте) көрсетілген мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және мұнай өнімдері шығарылымының көлемі, осы баптың 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.
Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы