712-3-бап. Салық төлеушінің нақты шығындары сомасынан салықтық міндеттемелерді азайту тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
1. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаның салықтық міндеттемелерін инвестициялық жоба бойынша нақты шығыстардың сомасына азайту, егер инвестициялар туралы келісімде осындай азайту көзделсе, жүргізіледі.
Инвестициялар туралы келісім инвестициялық жоба шеңберінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай келісім жасалған қаржы жылының басында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің он бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес сомада инвестицияларды жүзеге асыру кезінде ғана салықтық міндеттемелерді осындай азайтуды көздеуі мүмкін.
Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғалар арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асырған кезде оларға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
2. Мемлекеттік уәкілетті орган салық төлеушімен инвестициялар туралы келісім жасасқан кезде корпоративтік табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша преференциялардың және көрсетілген салықтар бойынша салықтық міндеттемелерді азайтудың қолданылуы салық төлеушінің жүзеге асырылған инвестициялар шегіндегі нақты шығыстарының сомасынан аспайтынын ескере отырып, салықтар бойынша преференциялардың есеп-қисабын жүргізеді.
3. Салық төлеушінің корпоративтік табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерін инвестициялық жоба бойынша нақты шығыстар сомасына азайту көрсетілген салықтар бойынша преференциялар қолданылған он жыл өткеннен кейін инвестициялар туралы келісімнің жиырма бес жылдан аспайтын қолданылу мерзімі шегінде қолданылады. Салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін азайту инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде жүзеге асырылған нақты шығыстардың жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім осы Кодекстің 712-2-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы