Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы

        Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік жүргізу кодексінің (одан әрі АПК) 305-бабының 2-бөлігінің 1)-9) көрсетілген тармақшаларда жеке қорыту жүргізіліп, нақты қорыту жасаған кезінде фактілерді анықтау туралы істер есепке алынбаған:

- адамдардың туыстық қатынастарын;

- адамның біреудің асырауында болуын;

- тууды, бала асырап алуды, некеге тұруды, ажырасуды және қайтыс болуды тіркеуді;

- әке болуды тануды;

- құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілі екендігін;

- егер арыз берушіде мүліктің тиесілігі туралы құқық белгілейтін құжат бар болып, бірақ ол жоғалған болса және көрсетілген факт соттан тыс тәртіппен анықтала алмайтын болса, жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуын;

- егер жазатайым жағдайды өзгеше тәртіппен растау мүмкін болмаса, жазатайым жағдайды;

- азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуын;

- егер нотариаттық әрекет жасайтын тұлға мұрагерлік мүлікті иелену үшін күшіне ену фактісін растауға қажетті тиісті құжаттардың болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты мұраға құқық туралы куәлікті арыз берушіге бере алмаса, мұрагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орнын анықтау туралы істерді қарайды №

АПК-тің 305-бабының 3-бөлігінде көзделген істер бойынша жүргізілді - егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқа заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды сот анықтайды.

Бұл істер келесіні анықтау туралы: еңбек қатынастардың фактісі, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбек кітапшасының иесін анықтау, әке болуды тану фактісі, арнайы қоныста болу фактісі және басқа да фактілер.

Ерекше іс жүргізу тәртібімен заңдық маңызы бар фактілерді анықтау осы тәртіппен өздерінің құқықтары мен мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ететін азаматтар үшін де, мемлекет үшін де маңызды болып табылады, себебі заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың сот тәртібін белгілеу кезінде заңсыз жеңілдіктер мен мүліктік пайда көру мақсатында құқықтарды теріс пайдалануға жол бермейді.

ҚР АПК-тің 306 бабына сәйкес сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды. Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша сотқа берілетін заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыз жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болу фактісін қоспағанда, арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі (ҚР АПК-тің 307-бабы).

Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызда ҚР АПК-тің 308- бабында қарастырылғандай, арыз берушінің осы фактіні қандай мақсатпен анықтауы қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

ҚР АПК-тің 308-бабында көрсетілген талаптарды өтініш беруші арызының мазмұнында сақтамаса, өтініш берушіге барлық қоса берілген құжаттарымен бірге арызды қайтару үшін негіз болады.

Жоғарыда көрсетілген процесуалдық заңының нормаларына сәйкес осы санаттағы істерді соттар тек келесі жағдайларда қарайды: егер заңға сәйкес бұл фактілер заң зардаптары туындаса (азаматтардың немесе ұйымдардың жеке және мүліктік қандайда бір құқықтары туындаса, өзгерсе, тоқтаса); арыз берушінің фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде (ҚР АПК-тің 306-бабы), оларды анықтаудың басқа (соттан тыс) тәртібі қоланыстағы заңнамамен қарастырылмаған кезде, соттың ведомствосына қарасты емес дауды кейін шешуге байланысты емес фактіні анықтағанда.

Арызды қабылдаған кезде сот арыз берушіден фактіні анықтауда заңдық мүддесін анықтау, арыз берушіден осы фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін есемтігін растайтан жазбаша дәлелдерді талап етуі қажет.

Егер қолданыстағы заңнамада оларды анықтаудың басқа (соттан тыс) тәртібі қарастырылса, сот ҚР АПК-тің 151-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жағдайда арызды кері қайтарады. Арыз қателесіп қабылданған және іс қозғалған жағдайда ҚР АПК-тің 277-бабы 1) тармақшасының негізінде іс жүргізу тоқтатылады.

Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істерді соттар ерекше жүргізілетін істерді осы Кодекстің 31–49-тарауларында белгіленген ерекшеліктерімен қоса талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша соттар қарайды (ҚР АПК-тің 304-бабы).

Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істерді қарауда ҚР АПКтің 279-бабы 13) тармақшасына сәйкес істі ерекше іс жүргізуде қарау кезінде талап қою ісін жүргізуде қаралуға жататын, соттың ведомстволығындағы құқық туралы даудың бар екені анықталса, арызды қараусыз қалдырады. Мүдделі тұлғаларға жалпы негізде талап қоюды беру құқығы түсіндіріледі. Осы мәселе талап қою арызын қабылдау кезінде анық болуы мүмкін.

Алайда сот құқық туралы даудың бар екенін немесе жоқ екенін талқылау үшін талап қоюшыны және мүмкін мүдделі тұлғаны шақыртуға, тек содан кейін ғана арызды қараусыз қалдыруға міндетті. Онымен бірге талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа өтініш жазуға құқығы бар екендігі туралы тараптарға түсіндіру маңызды. Құқық туралы даудан факті туралы дауды ажырату қажет.

Факті бар екендігін даулауға байланысты қарсылықтар нақты фактіні анықтау туралы істі шешу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қандай да бір фактінің бар екендігіне күмәнді жою және даусыз оның бар не жоқтығын анықтау міндеті нақты сотқа жүктеледі.

Сот органдарының ведомстволығында жоқ құқық туралы даудың пайда болуы ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарау үшін кедергі болмайды.

Соттың ведомстволығындағы құқық туралы даудың ерекше іс жүргізуде бар екені талап қоюшының іс бойынша сотта арыз беру шешімін қабылдағанын көрсетеді немесе мүдделі адамдардың біреуінің соттың фактіні анықтаумен байланысты пайда болған құқықтарды сот тәртібімен даулау ниетін көрсетеді.

Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша ҚР АПК-тің 303-бабына сәйкес судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген тәртіппен осы Кодекстің 31-тарауында белгіленген ерекшеліктерімен қоса сот арызды іс жүргізуіне қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі соттың талқылауына дайындауды жүргізеді.

Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді. ҚР АПК-тің 183-бабы 2-бөлігіне сәйкес сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде азаматтық iстерді қарайды және шешедi.

ҚР АПК-тің 305-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.

ҚР АПК-тің 305-бабы 1-бөлігінде қарастырылған санатағы істерді қарастырудың сот практикасының қорытуы бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың сот актілерін, сондай-ақ шағымдар мен қарсылықтар берілмеген сот актілерін зерделеу арқылы жасалды.

ҚР АПК-тің 305-бабы 2-бөлігінде қарастырылған сот тәртібімен анықтауға болатын заңдық фактілердің тізімі толық емес, сондықтан соттар өзге фактілерді де анықтау туралы істерді қарацға құқығы бар, егер олар  заңдық салдарлар туғызса және егер заңнамамен оларды анықтаудың өзге тәртібі қарастырылмаған болса.

Әдеттегідей, бұл: еңбек қатынастарының фактісі, ерекше еңбек жағдайының фактісі, еңбек кітапшасының тиесілігі фактісі, әке болуды тану фактісі, арнайы қоныста болу фактісі және басқа фактілерді анықтау туралы істер. Еңбек қатынастары фактілерін анықтау туралы істер бойынша, әдетте, сотқа зейнеткерлер немесе зейнеткерлік алдында жастағы тұлғалар шағымданады, олар өкілетті мемлекеттік органдарға шағымданғанда зейнетақы тағайындау кезінде еңбек кітапшасындағы деректерде тегі, аты, әкесінің атында айырмашылықтар болғаны немесе еңбек кітапшаларында өзгертулер болғаны, немесебір ұйымда еңбек қызметі туралы жазулары болмаған кезінде шағымданады. Бұрын болған совхоз, колхоз және басқа да КСРО мекемелердің құжаттары мұрағаттарға тапсырылмаған, немесе мұрағаттарда болған құжаттар өрт, су тасқыны және т.б. кезінде жойылған.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес еңбек кітапшасы болмаған кезінде немесе тиісті жазулары болмағанда жұмыс туралы мәліметтердің немесе сот шешімінің негізінде белгіленеді.

ҚР Еңбек кодексі 21-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды.

Онымен бірге, ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мына құжаттардың кез келгені:

1) еңбек кітапшасы;

2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;

4) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;

5) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);

6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;

7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

8) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

Сонымен бірге, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 14-бабы 1-тармағына, 2-тармағына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.

Еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.

Соттар еңбек қызметінің фактілерін, жұмыс фактілерін анықтау, еңбек өтілін, еңбек өтілі болғанын, еңбек кітапшалары болғаны туралы істерді қарайды

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 13-бабының 1-бөлігінің 6 тармақшасына сәйкес басқа адамның көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғыз мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт.

Сәйкесінше, көрсетілген тәртіп болмаған кезінде бірінші топтағы, екінші топтағы мүгедектерді, біреудің көмегіне қажет болған сексен жасқа келген ардагерлерді күту фактісін растауы болмаған жағдайда мүддесі бар тұлғалар сотқа шығамдануға құқықтары бар.

Еңбек жағдайлары ерекше (зиянды) жұмыс фактісін анықтау туралы

Қазақстан Республикасының «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заңымен арнайы жәрдемақы төлеу қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен «Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 Тізімін және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 2 Тізімін бекіту туралы» қаулысында аталған жәрдемақы төленетін өндірістер, жұмыстар, мамандықтар, лауазымдардың тізімі бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардан бөлек мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау үшін оның ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда жұмыстың сипаты мен еңбек жағдайын растайтын ұйымның анықтамасы беріледі.

Осылай, Ақмола облысы Аккөл ауданының 2015 жылы 16 ақпандағы шешімімен Г-ның арызы қанағаттандырылып, «Трансельхозтехника» Алексеевка аудан бірлестікте газоэлектросварщик ретінде,  «Трансельхозтехника» Алексеевка көліктік кәсіпорында газоэлектросварщик, «Целиноградский №2 мамандандырылған жылжымалы механизацияланған колоннанда» (МЖМК) электросварщик, «Целинный опытный заваод» ОАҚ газоэлектросварщик ретінде, 1975 жылдың 18 шілдесінен 2002 жылдың 26 қазанына дейін еңбектің аса зиянды жағдайларына жатады және ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 Қаулымен бекітілген №2 тізіміне сәйкес істегені және жұмыстың жағдайлары туралы заң фактісі анықталған.

Арнайы қоныста тұру заңдық фактісін анықтау

Істердің осы санаты бойынша азаматтардың арыз берулерінің себебі Қазақстан Республикасы «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының 24-бабында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңында қарастырылған жеңілдіктер болып табылады, олар саяси қуғын-сүргіннің құрбандары мен саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендерге беріледі.

Қазақстан Республикасы «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының 2-бабына сәйкес осы Заңның күшi бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiндерге тiкелей ұшыраған және қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдардың бәрiне қолданылады.

Осы Заңда саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер ретiнде ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады.

Қазақстан Республикасы «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес саяси қуғын-сүргiндердің құрбандары, яғни, Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар арнайы қоныста тұрған кезең үшін ақшалай өтемақы алуға құқықтары бар.

Ақшалай өтемақы алудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 82 қаулысымен бекітілген жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесiнде бекiтілген.

Арнайы қоныста арыз берушінің тұрған мерзімі туралы мұрағат құжаттарының жоқтығына байланысты аталған фактіні сот тәртібімен анықтау қажет.

Осы фактіні анықтау туралы соттың шешімі саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккеннің мәртебесін растайтын өтініш берушіге прокуратура органдарының анықтама беруіне негіз болып табылады.

Арыз берушілер, әдетте, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың балалары, арнайы қоныс аумағында туғандар және ақталғанға дейін атаанасымен бірге тұрғандар болып табылады.

Аталған санаттағы істерді қараған кезінде соттар өтініш берушілердің дәлелдемелері ретінде өтініш берушілердің туу туралы куәліктері, мұрағаттық анықтамалар, облыс бойынша ҚР ҚСКБ жАЕ берген оңалту туралы анықтамалар, куәгерлердің жауаптарын зерделейді.

Жамбыл облысының Жамбыл ауданы сотының 2015 жылғы 2 наурыздағы Э-нің арызы қанағаттандырылып, 1951 жылғы 22 маусымда туған Э. 1951 жылдың 22 маусымынан бастап 1956 жылғы 30 сәуіріне дейін Қырғыстан Республикасының Таласс облысының Киров ауданының Бейшеке селосындағы арнайы мекенде болу фактісі анықталды.

Сонымен бірге Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының 2015 жылғы 15 шілдедегі шешімімен 1945 жылғы 11 тамызда туған К-нің арызы қанағаттандырылып, К. саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен болып танылды.

Аталған шешімдерден арыз берушілер ұқсас арыздармен сотқа шағымданған.

КСРО және ОК ПОК (б) 1937 жылғы 21 тамыздағы № 1428- 326 қаулысына сәйкес әзербайжан, корей ұлтты тұлғалар тұрғылықты орындары Әзербайжаннан, Грузиядан, алыс Шығыстан Орта Азия мен Қазақстанға мәжбүрлеп көшірілген, ал олар саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендердің балалары болған, арнайы мекендерде туып, оңалтқанға дейін ата-аналарымен тұрған.

Осыған байланысты 2015 жылдың 9 айындағы қорытуда Жамбыл облысы Жамбыл ауданының 2015 жылғы 2 наурыздағы шешімі дұрыс деп санауға болады.

Онда арнайы қоныста болғандығы фактісін анықтау туралы Э-нің арызы қанағаттандырылды.

Атап айтқанда бір тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және басқа тұлғаның басқа тегі, аты, әкесінің аты бір тұлға болып табылған кезде жеке тұлғалардың теңбе-теңдігін анықтақтап, оның бір адам екендігі заңдық маңызы бар фактілерг жатпайды, олардың анықталуы сот тәртібінде шешіледі, аталған жағдайда құжаттарда тегі, аты, әкесінің аты бір болғаны, ал жеке куәлікте басқа болған жағдайда не қосындай ұқық белгілейтін құжаттың тиесілігі фактісін анықтау қажет, не ҚР АПК-тің 44-тарауының тәртібімен сәйкес акті жазуының қателігін анықтау қажет.

Мысалы, Ақмола облысы Целиноград ауданының 2015 жылғы 10 ақпандағы шешімімен И.М-нің арызы қанағаттандырылған және Ақмола облысының тумасы 1935 жылғы 1 мамырда туған И.М. және И.М.М. бір кісі болғаны анықталды. И.М. сотқа өтінішпен шағымданғанының негізі тұрғын үй жекешелендіру келісім шартында ол И.М.М. деп көрсетілген ал басқа құжаттарда ол әкесінің атысыз көрсетілген. Бұл жағдайда өтініш беруші И.М. жекешелендіру келісім шарты туралы фактісі анықталғаны дұрыс деп есептеледі.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерге жеңе алмайтын күштер фактісін, құқықтық мұрагерлік, ақшалай қаражатты есептен шығару, немесе мүлік насанының тиесілігі, жалақы мөлшері фактісін анықтау жатпайтыны көрсетілді.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотының 2015 жылғы 21 қаңтардағы шешімімен К-нің арызы бойынша «Компания по страхованию жизни Коммерц-Life» акционерлік қоғамы мен «Oil Construction Companу» жауапкершіліг шектеулі серіктестігінің арасында жасалған 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № АUР208020910А003 аннуитенттік сақтандыру шарты бойынша үш жылға біржолғы аннуитеттік төлемдерді алуға К-нің құқығы болғаны анықталды.

Бұл факті заңдық маңызы бар факті ретінде ерекше іс жүргізус тәртібінде соттың анықтауына жатпайды деп саналады, өйткені арыз беруші К. «Коммерц- Life өмірді сақтандыру бойынша» акционерлік қоғамына қатысты талап қоюмен талап қою іс жүргізунің тәртібімен сотқа сақтандыру төлемдерін алу үшін шағымдану қажет болған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 7-тармағына сәйкес ССР Одағының және оның органдарының таратылуына байланысты, ордендер мен медальдардың куәліктерінде көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін жағдайда, ол құжаттар белгілі адамдікі екендігін анықтауға сот құқысының бар екендігін назарда ұстау қажет.

Осы орайда, осындай фактілерді анықтау туралы шешім осы құжаттардың арызданушыға тиесілі екендігі нанымды дәлелдемелердің қорытындысына сәйкес негізделуге тиіс.

Еңбек қатынастары мен байланысқан фактілерді анықтау туралы істер бойынша:

- сот шешімдерінде еңбек қатынастары көрсетілген шешімнің қарар бөлігі әртүрлі баяндалды;

- еңбек қатынастарын тоқтату фактілері анықталды;

- еңбек кітапшаларында жазулары дұрыс (қате) болмағаны анықталды;

- бірінші топтағы мүгедектерге күту орнына еңбек өтілі, еңбек қатынастарының болуы фактілері анықталды;

- аса зиян және қиын жағдайларыда жұмыс істеу фактілерін анықтаудың орнына жеңілдеткен өтілдің фактілері анықталды;

- еңбек кітапшаларының тиесілігі фактілері анықталды;

- еңбек кітапшаларындағы дәлсіздіктер жойылды.

Арнайы қоныстарда тұру (болу) фактілерін анықтау туралы істер бойынша:

- Кейбір облыстар ішінде сот практикасында қайшылықтар болды. Соттар ерекше іс жүргізу сот тәртібімен анықталатын заңдық маңызы бар фактілерге жатпайтын фактілерді анықтады:

- бір тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және басқа тұлғаның басқа тегі, аты, әкесінің аты бір тұлға болып табылған кезде жеке тұлғалардың теңбетеңдігі;

- еңбек айлығын алу (мөлшері) фактілері;

- сақтандыру төлемдерді алуға құқықтары болуы фактілері;

- медальдармен марапаттау туралы куәліктерде дұрыс жазылмауы фактілері;

- оқу фактілері.

Аталған құқық бұзушылқтардың негізі себептері:

- соттар ҚР АПК-тің 31, 32, және 57 тарауларын және Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы №13 «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысын қате және кең ауқымда түсінуі, сондай-ақ дұрыс қолданбауы.

- қолданыста бар заңнамада заңдық маңызы бар фактілердің дәл және нақты тізімінің болмағаны, оларды соттар ерекше іс жүргізу тәртібімен белгілеуі мүмкін.

 - заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қараған кезінде соттар міндетті түрде қатыстыратын мүдделі тұлғалар терминінің заңнамада жоқтығы.

Нормативтік құқықтық база

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау мәселелері Қазақстан Республкасының Азаматтық процестік кодексінің (одан әрі АПК) 31,32,57- тарауларымен, Қазақстан Респуликасының Жоғары Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы №13 Нормативтік қаулысымен реттеледі.

Бұдан басқа, бұл санаттағы істері бойынша мәселелерді рейттейтін және заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы өтініштерді қарау кезінде қолдауға жататын нормативтік құқықтық актілерімен, анықтауға жататын фактінің түрін белгілеуге келесі құжаттар болып табылады:

-Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Неке қию (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы; - Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Ашық таулар жұмыстарды және жер астында, еңбектің аса зиянды және еңбектің аса ауыр жағдайларда немесе еңбектің зиянды және ауыр жағдайлармен жұмыс істеген тұлғаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Әскери қызметі және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы азаматтығы туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының Жаппай саяси куғындар құрбандарын оңалту туралы» Заңы,

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақысы туралы» заңы,

- Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» және басқалары. Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тізілімі толық болып табылмайды, өйткені сот тәртібінде белгіленген фактінің түрінен (санаты) тәуелді болғанына заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша істің нақты санатын мәселелерін рейттейтін басқа нормативтік құқықтық және заңға тәуелді актілерін қолдануға тиісті.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу

Туу, асырап алу (қыз баланы асырап алу), некелесу, ажырасу және өлімді тіркеу фактілерін анықтау туралы

Туу, асырап алу (қыз баланы асырап алу), некелесу, ажырасу және өлімді тіркеу фактілерін анықтау туралы Талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы анықтамаларда көрсетілген,...

Толық оқу »

Тууды, бала асырап алуды, некені, ажырасуды және өлімді тіркеу фактісін анықтау

Тууды, бала асырап алуды, некені, ажырасуды және өлімді тіркеу фактісін анықтауІстердің осындай санатын қарау кезінде (АІЖК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасы) сот оқ...

Толық оқу »

Сотта тауарлардың нақты жеткізілуін белгілеу камералдық бақылау нәтижелері бойынша Хабарламаның күшін жою үшін сөзсіз негіз болып табылады.

Сотта тауарлардың нақты жеткізілуін белгілеу камералдық бақылау нәтижелері бойынша Хабарламаның күшін жою үшін сөзсіз негіз болып табылады.№6001-23-00-6ап/299 10.08.2023 ж.Тал...

Толық оқу »

Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға арнайы қоныста болу фактісін анықтау

Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға арнайы қоныста болу фактісін анықтауАзаматтардың осы санат бойынша өтініш жасауының себебі "жап...

Толық оқу »

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2002 жылғы 28 маусымдағы N 13 қаулысы.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2002 жылғы 28 маусымдағы N 13 қаулысы. Ескерт...

Толық оқу »

Иелену пайдалану және билік етудің заңды фактісін белгілеу туралы сот шешімі негізінде меншік құқығын тіркеуден бас тарту заңсыз деп танылды.

Иелену пайдалану және билік етудің заңды фактісін белгілеу туралы сот шешімі негізінде меншік құқығын тіркеуден бас тарту заңсыз деп танылды.Н., 2009 жылғы 02 қазанда қайтыс б...

Толық оқу »

497-бап. Адвокат адвокаттық кеңсе арқылы заң көмегін көрсеткен кезде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

497-бап. Адвокат адвокаттық кеңсе арқылы заң көмегін көрсеткен кезде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Адвокаттық кеңсен...

Толық оқу »

298-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын игеру салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі

298-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын игеру салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін кіріс Қаза...

Толық оқу »

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз ж...

Толық оқу »

93-бап. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

93-бап. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      Кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тау...

Толық оқу »

138-бап. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

138-бап. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылауды салық орган...

Толық оқу »

Соттардың жеке ұйғарымдарға келіп түскен жауаптарға ресми қатынасы фактілері анықталды.

Соттардың жеке ұйғарымдарға келіп түскен жауаптарға ресми қатынасы фактілері анықталды.Мәселен, Маңғыстау облысының СМЭС-ін 2019 жылғы 14 ақпандағы Азаматтық іс бойынша "Ақтау...

Толық оқу »

Еңбек қатынастары фактісін тану

Еңбек қатынастары фактісін тануАқшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін, сондай-ақ өзінің қызмет бабын өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де...

Толық оқу »

435-бап. Соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi   ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

435-бап. Соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Егер: 1) соттың т...

Толық оқу »

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды2015 жылғы 17 маусымда Алматы қаласының маманд...

Толық оқу »

18-4-бап. Интернет-ресурстардағы балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

18-4-бап. Интернет-ресурстардағы балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы      1. Балаға қатысты кибер...

Толық оқу »

Ерлі-зайыптылардың талаптары бойынша еңбек қатынастары фактісінің жоқтығы туралы талап қоюлар

Ерлі-зайыптылардың талаптары бойынша еңбек қатынастары фактісінің жоқтығы туралы талап қоюларЗайыбының бұрынғы жұбайына және оның жұмыс берушісіне еңбек қатынастары фактісінің...

Толық оқу »

245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы Әкімші...

Толық оқу »

207-бап. Шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексі

207-бап. Шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Шот-фактураны мынадай:     қосылған құн салығын төлеуші ретін...

Толық оқу »

Жол көлік оқиғасының фактісі туралы процестік құжаттың болмауы жоғары қауіптің көзімен келтірілген зиянды өтеуге кедергі келтірмейді

Жол көлік оқиғасының фактісі туралы процестік құжаттың болмауы жоғары қауіптің көзімен келтірілген зиянды өтеуге кедергі келтірмейдіН.К. И.Қ. мүліктік зиянды өтеу туралы талап...

Толық оқу »

120-1-бап. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

120-1-бап. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа...

Толық оқу »

Соттың және уәкілетті органның өлшеу аспаптарына тексерулердің жоқтығы туралы қорытындылары істің нақты мән жайларына сәйкес келмейді

Соттың және уәкілетті органның өлшеу аспаптарына тексерулердің жоқтығы туралы қорытындылары істің нақты мән жайларына сәйкес келмейдіҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа...

Толық оқу »

78-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының тұрған жерінің) болуына байланысты құқықтар мен міндеттерді беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

78-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының тұрған жерінің) болу...

Толық оқу »

270-3-бап. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі

270-3-бап. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Пациентті қолдау ж...

Толық оқу »

Жұмыс берушіге қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырмашылықты өтеу міндеті жүктеледі.

Жұмыс берушіге қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырмашылықты өтеу міндеті жүктеледі.Сақтандырушы үшін өтелуге жататын жоғалған табысты есепт...

Толық оқу »

305-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

305-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүлікт...

Толық оқу »

306-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға қажетті шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

306-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға қажетті шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәлан...

Толық оқу »

18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алу құқығы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты...

Толық оқу »

Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оны жасау фактісіне байланысты туындайды.

Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оны жасау фактісіне байланысты туындайды.Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу туындыны өз...

Толық оқу »

137-бап. Экологиялық залал фактісін және экологиялық залал келтірген тұлғаны анықтау Қазақстан Республикасының Экология кодексі

137-бап. Экологиялық залал фактісін және экологиялық залал келтірген тұлғаны анықтау Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Экологиялық залал келтірген тұлға мұндай зал...

Толық оқу »

Мәміле бағасының нарықтық бағадан 10 пайыздан астам ауытқу фактісін анықтаған кезде салық органы ауытқудың нақты мөлшерін анықтауы керек.

Мәміле бағасының нарықтық бағадан 10 пайыздан астам ауытқу фактісін анықтаған кезде салық органы ауытқудың нақты мөлшерін анықтауы керек.Трансферттік бағаларды қолдану кезінде...

Толық оқу »

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік | жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша әкімшілік іс

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік | жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша әкімшілік ісСот 19.10.2019 жылғы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға с...

Толық оқу »

106-бап. Нақты тасымалдаушының жауапкершiлiгi  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

106-бап. Нақты тасымалдаушының жауапкершiлiгiСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Осы тараудың тасымалдаушы жауапкершiлiгi жөнiнде белгiленген ережелерi нақты тас...

Толық оқу »

154-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін іс жүзінде тәрбиелеген адамдарды күтіп-бағу міндеті Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

154-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін іс жүзінде тәрбиелеген адамдарды күтіп-бағу міндеті Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Кәм...

Толық оқу »

153-бап. Бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезiнде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша қолданатын шаралары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

153-бап. Бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезiнде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша қолданатын шаралары Қазақстан Республикас...

Толық оқу »

Шағым апелляциялық сот алқасына қорғаушының шағым арызын қараусыз қалдырылып, кері қайтару туралы қаулысының күшін жою

Шағым апелляциялық сот алқасына қорғаушының шағым арызын қараусыз қалдырылып, кері қайтару туралы қаулысының күшін жоюТүркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот...

Толық оқу »

88-бап. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

88-бап. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұруды салық ор...

Толық оқу »

Меншік құқығы туралы даулар бірге тұру және нақты неке қатынастарында болу бірге тұратындардың бірі сатып алатын мүлікке ортақ меншік режимінің пайда болуына әкелмейді

Меншік құқығы туралы даулар бірге тұру және нақты неке қатынастарында болу бірге тұратындардың бірі сатып алатын мүлікке ортақ меншік режимінің пайда болуына әкелмейдіБ.Көкшет...

Толық оқу »

Уақыттың нақты жоғалуы үшін шығындарды өндіріп алу туралы өтінішхатқа қарсылық

Уақыттың нақты жоғалуы үшін шығындарды өндіріп алу туралы өтінішхатқа қарсылықНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру  12-тарау. Фактiлердi куәландыру Нотариат туралы Заңы

81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру12-тарау. Фактiлердi куәландыру Нотариат туралы Заңы      1. Нотариус азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады.      2....

Толық оқу »

260-бап. Жалған, контрафактілік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

260-бап. Жалған, контрафактілік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Қазақстан Рес...

Толық оқу »

40-бап. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

40-бап. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Әкелінетін тауарла...

Толық оқу »

Қасақана кісі өлтіруге оқталу, яғни адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасау ретінде қарама-қайшы және жол берілмейтін нақты деректерге негізделген, кінәсіздік презумпциясының Конституциялық принципіне сәйкес келмейді

Қасақана кісі өлтіруге оқталу, яғни адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасау ретінде қарама-қайшы және жол...

Толық оқу »

Құқықтық қатынастарды еңбек деп тану туралы дауларды қарау (қызмет көрсету туралы шарт негізінде белгілі бір мамандық бойынша еңбек функцияларын нақты орындау кезінде)

Құқықтық қатынастарды еңбек деп тану туралы дауларды қарау (қызмет көрсету туралы шарт негізінде белгілі бір мамандық бойынша еңбек функцияларын нақты орындау кезінде)Аталған...

Толық оқу »

Сот қорытындыларының істің нақты мән-жайларына сәйкес келмеуі сот актілерінің күшін жоюға және жаңа қаулы қабылдауға негіз болды

Сот қорытындыларының істің нақты мән-жайларына сәйкес келмеуі сот актілерінің күшін жоюға және жаңа қаулы қабылдауға негіз болдыАлматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік...

Толық оқу »

216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республик...

Толық оқу »

Сотталғандықты өтеу мерзімі жазаның негізгі және қосымша түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып есептеледі.

Сотталғандықты өтеу мерзімі жазаның негізгі және қосымша түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып есептеледі.ҚК-нің 79 - баб...

Толық оқу »

Жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау туралы талап қойған тұлға өз құқығының бұзылғанын дәлелдеуі тиіс.

Жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау туралы талап қойған тұлға өз құқығының бұзылғанын дәлелдеуі тиіс.2022 жылғы 10 қазанда "Instagram" әлеуметтік желісінде "Менің қалам" басы...

Толық оқу »

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Шот-фактура электрондық нысанда жазып...

Толық оқу »

72-бап. Әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

72-бап. Әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істі дұрыс қара...

Толық оқу »

Сотқа арыз тұрғын емес үй-жайды несиеге сатып алу-сату шарты Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы

Сотқа арыз тұрғын емес үй-жайды несиеге сатып алу-сату шарты Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралыАлматы қаласы Әуезов аудандық сотының № 2 аудандық сотынаӨтініш беруші: М П...

Толық оқу »

295-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

295-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Есепті салықтық кезеңде...

Толық оқу »

Ішкі істер министріне, қылмыстық істі орындамау және әуре-сарсаңға салу жөніндегі тергеушіге шағымдану немесе дәрігерлік қателік жіберген дәрігерлердің біліктілігінің болмау фактісі бойынша өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау бойынша Практика

Ішкі істер министріне, қылмыстық істі орындамау және әуре-сарсаңға салу жөніндегі тергеушіге шағымдану немесе дәрігерлік қателік жіберген дәрігерлердің біліктілігінің болмау ф...

Толық оқу »

498-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

498-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдай...

Толық оқу »

Арыз полиция басқармасы факті бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы алаяқтық

Арыз полиция басқармасы факті бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы алаяқтық"Өскемен қаласының полиция басқармасы" ММШығыс Қазақстан облысы полиция департаментініңҚаз...

Толық оқу »

712-3-бап. Салық төлеушінің нақты шығындары сомасынан   салықтық міндеттемелерді азайту тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

712-3-бап. Салық төлеушінің нақты шығындары сомасынан салықтық міндеттемелерді азайту тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер...

Толық оқу »

Авторлық құқық Тұжырымдаманың нақты идеяларына, принциптеріне, жүйелік әдістерге, ашылу процестеріне, фактілерге қолданылмайды.

Авторлық құқық Тұжырымдаманың нақты идеяларына, принциптеріне, жүйелік әдістерге, ашылу процестеріне, фактілерге қолданылмайды.Авторлық құқық объектілері сценарий туындылары б...

Толық оқу »

493-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

493-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған...

Толық оқу »

499-бап. Түзетілген шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

499-бап. Түзетілген шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе)...

Толық оқу »

501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураны кері қайтарып алу шот-фактураның жазып...

Толық оқу »

494-бап. Экспедиторлардың шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

494-бап. Экспедиторлардың шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тара...

Толық оқу »

496-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып берудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

496-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып бе...

Толық оқу »

Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы іс жүргізу құқығы нормаларының тән бұзушылықтары

Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы іс жүргізу құқығы нормаларының тән бұзушылықтарыЕгер өтініш беру немесе істі ерекше іс жүргізуде қарау кезінде сотқа ведомстволық бағын...

Толық оқу »

Мүлікті меншік құқығында иелену, пайдалану және оған билік ету фактісін белгілеу туралы

Мүлікті меншік құқығында иелену, пайдалану және оған билік ету фактісін белгілеу туралыИ. сотқа мүлікті меншік құқығында иелену, пайдалану және билік ету фактісін анықтау тура...

Толық оқу »

159-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуін растау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

159-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуін растау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      Кеден орган...

Толық оқу »

Егер өтініш берушінің сотқа жүгінуі азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың дұрыс болмауынан туындаса, фактілік қатынастар белгіленбейді

Егер өтініш берушінің сотқа жүгінуі азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың дұрыс болмауынан туындаса, фактілік қатынастар белгіленбейдіЧ., 1962 жылы 26 қарашада туған, 2013 ж...

Толық оқу »

40-бап. Масс-медиада балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер Масс-медиа туралы Заңы

40-бап. Масс-медиада балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштерМасс-медиа туралы Заңы      1. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған ж...

Толық оқу »

Өзін баланың әкесі деп таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) адам қайтыс болған жағдайда, оның әке болуды тану фактісі сот тәртібімен анықталуы мүмкін

Өзін баланың әкесі деп таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) адам қайтыс болған жағдайда, оның әке болуды тану фактісі сот тәртібімен анықтал...

Толық оқу »

Мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын заңды фактілерді анықтау

Мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын заңды фактілерді анықтауЗаңды маңызы бар фактілерді анықтау істері факт туралы даудың болуы мүмкін, бірақ құқық туралы даудың сөзс...

Толық оқу »

58-4-бап. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қабылдайтын шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

58-4-бап. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қабылдайтын шараларҚазақста...

Толық оқу »