58-4-бап. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қабылдайтын шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы
1. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қарауға міндетті ұсыну енгізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нәтижелері туралы анықтама жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
2. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну онда көрсетілген бұзушылықтарды күнтізбелік отыз күн ішінде жою жөнінде шаралар қабылдана отырып қаралуға жатады.
3. Тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде онда көрсетілген бұзушылықтарды жою қорытындылары туралы ақпаратты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы