493-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
2. Мынадай:
1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды өткізген;
2) коммуналдық қызметтерді көрсеткен;
3) байланыс қызметтерін көрсеткен;
4) теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді көрсеткен;
5) көлік экспедициясы шарты бойынша, талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарт бойынша қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін көрсеткен;
6) жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау бойынша қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді көрсеткен;
7) кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызметтерді көрсеткен;
8) қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын жүргізген;
9) осы Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген;
10) осы Кодекстің 460-бабының 2-тармағы бойынша айналым жасалған күн танылған;
11) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін ақы алынатын қызметтерді көрсеткен;
12) Мемлекеттік корпорация қызметтерді көрсеткен;
13) төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде төлем карточкаларымен және электрондық ақшамен операциялар бойынша қалыптасатын ақпаратты жинау, алмасу, өңдеу және тарату бойынша қызметтерді көрсеткен кезде шот-фактура айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша айналым жасалған күн тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жазып беріледі.
3. Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
4. Есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша жазып беріледі.
5. Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдары немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге өнімі өткізілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Салық төлеуші айналым жасау күні күнтізбелік жылға тура келетін өткізу бойынша бүкіл айналымға шот-фактураны ол жасалған күннен бұрын жазып беруге құқылы.
6. Түзетілген шот-фактура осы Кодекстің 499-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезде жазып беріледі.
7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қосымша шот-фактура түзету сомасына айналым жасалған күннен кейін және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры ұлғайту жағына қосымша шот-фактураны жазып беруді айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік бір жүз сексен күннен кешіктірмей жүргізеді.
Осы Кодекстің 213-бабының талаптары сақталмаған кезде лизинг беруші қосымша шот-фактураны осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді.
8. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы Кодекстің 208-бабының 4 және 5-тармақтарына және 491-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес шот-фактураны жазып беруді талап етумен жүгінген кезде шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
9. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының айналымы болып табылатын осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бейрезиденттен сатып алынған жағдайда, электрондық нысандағы шот-фактураны бейрезидент үшін осындай айналым бойынша қосылған құн салығын бюджетке төлегеннен кейін, бірақ мұндай төлем жасалған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, оның ішінде осы Кодекстің 122 және 123-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу арқылы сатып алушы жазып береді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
493-бап. Салықты есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық төлеушi осы Кодекстің 492-бабына сәйкес салық салу объектiсіне салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы салықтық кезең үшiн салық сомасын өз бетінше есептейдi.
2. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер көлік құралы салығын есептеуді осы Кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын қоспай, осы Кодекстің 78-тарауының ережелерін ескере отырып жүргізеді.
3. Көлік құралы салық кезеңiнен аз уақыт меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы осындай құқықта іс жүзінде болған кезең үшiн жылдық салық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы осындай құқықта іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
4. Салықтық кезең ішінде меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын басқаға берген кезде салық салу объектілеріне салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:
1) беруші тарап үшiн:
салық кезеңiнiң басында болған көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы берілген айдың 1-күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
салық кезеңiнiң iшiнде беруші тарап сатып алған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы алынған айдың 1-күнiнен бастап осындай құқық басқаға берілген айдың 1-күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
2) алушы тарап үшiн – салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы алынған айдың 1-күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап кейiннен осындай құқықты басқаға берген айдың 1-күнiне дейiнгi кезең үшін есептеледi.
5. Жеке тұлғалар сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың 1-күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншік құқығы тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшiн есептейді.
6. Ішкі істер органдары салық органдарына ұсынатын көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы арыздың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелу фактісін (күнін) растайтын мәліметтер иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралын іздестіру кезеңінде салық төлеуден босату үшін негіз болып табылады.
Бұл ретте мұндай салықты есептеу (есепке жазу) көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы арыз Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген күннен бастап тоқтатылады.
Салықты есептеу (есепке жазу) ішкі істер органдары салық органдарына ұсынған мәліметтер негізінде көлік құралын айдап әкету (ұрлау) және оны қайтару туралы қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.
7. Заңды тұлғалар салықтық кезеңнің басында меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында болған көлік құралдары бойынша, сондай-ақ салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді:
1) егер көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде туындаған және салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейін тоқтатылмаған жағдайда – осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
2) егер салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы:
тоқтатылған жағдайда – салықтық кезеңнің басынан бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерінде есептейді. Бұл ретте салықтық кезеңнің 1 шілдесінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салықтық кезеңнің басынан бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.
8. Заңды тұлғалар салықтық кезеңнің 1 шілдесінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі кезеңде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы туындаған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді есептемейді және ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды. Бұл ретте декларацияда осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында айқындалған тәртіппен есептелген салық сомасы көрсетіледі.
9. Есепті салықтық кезең үшін жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисаптар сальдосын айқындау мақсатында салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтердің негізінде есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмейтін мерзімде салық есептеуді жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы