496-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып берудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде:
1) шот-фактураны бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірі өнім берушіге (сатушыға) бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының деректемелерін көрсете отырып жазып береді;
2) шот-фактурада айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.
2. Бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген шот-фактурада алушыға (сатып алушыға) бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы (сатып алушы) ретінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірі көрсетіледі;
2) шот-фактурада сатып алудың жалпы сомасы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
3. Егер бірлескен қызмет шарты бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді немесе сатып алуды сенім білдірілген өкіл жүргізсе, сенім білдірілген өкілдің деректемелері шот-фактурада өнім берушінің сенім білдірілген өкілінің деректемелері немесе алушының сенім білдірілген өкілі үшін бөлініп берілген жолда көрсетіледі, ал бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың деректемелері және айналым сомасы немесе сатып алу сомасы осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі.
4. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператор тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
496-бап. Салықтық есептілік Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Төлеуші – заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын – ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей, сондай-ақ декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына ұсынады.
2. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер көлік құралдары салығы бойынша салықтық есептілікті бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша түрінде ұсынады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы