260-бап. Жалған, контрафактілік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Қазақстан Республикасының аумағында жалған, контрафактілік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге, әкелуге, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салынады.
2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалғандығына (сипаттамалары туралы және (немесе) шығу көзі туралы анық емес мәліметтер ұсыну) жалған өнім өндіру үшін дайындалған және соған арналған аксессуарлар, бөліктер мен материалдар да жатады.
3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалғандығын болғызбауды және оған қарсы күресті уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің ұйымдарымен, денсаулық сақтау субъектілерімен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады.
4. Уәкілетті орган жалған, контрафактілік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы