207-бап. Шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Шот-фактураны мынадай:
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушілер – осы Кодекстің 50-тарауына сәйкес;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер (бұдан әрі – қосылған құн салығын төлемеушілер) – осы Кодекстің 208 және 209-баптарына сәйкес жазып беруге міндетті.
2. Шот-фактура осы Кодекстің ережелері ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша жазып беріледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
207-бап. Салықтық есептілікті, оның ішінде жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін жасау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi (салық агенті) салықтық есептілікті әрбір қызмет түрi бойынша бөлек жасайды.
Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауысқан жағдайда, көрсетiлген күнтiзбелiк жылда:
арнаулы салық режимiн;
жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолданған кезең үшін салықтық есептілік жеке жасалады.
2. Осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қажеттігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті жасайды.
3. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғалар жасайды.
Жалға алу (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушiнің тұрған жері бойынша есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтін мерзімде жасалады және салық органына ұсынылады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы