Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2002 жылғы 28 маусымдағы N 13 қаулысы.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы азаматтық істерді қарау кезінде заңнаманың дұрыс әрі біркелкі сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
мұндай фактілер заңға сәйкес (АПК-нің 305-бабының бірінші бөлігі) заңдық маңызы бар жағдайларды тудырса (азаматтар мен ұйымдардың жеке немесе мүліктік құқықтарының пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы);
фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуға немесе оларды қалпына келтіретін арызданушының басқа мүмкіндігі болмаса (АПК-нің 306-бабы);
қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) мүмкіндігі көзделмесе (АПК-нің 306-бабы);
фактіні анықтау соттың ведомстволығына жататын құқық туралы дауды кейін шешуге байланысты болмаса, қабылдап, ондай істерді ерекше өндіріс тәртібімен қарай алады (АПК-нің 304-бабының екінші бөлігі).
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Нақ сол немесе өзге фактіні тіркеу тәртібінің болмағанын (мысалы, біреудің асырауында болу) не фактіні тіркеу тәртібінің сақталмағанын және оған мұндай жағдайларда жүгінуге мүмкіндіктің жоқтығын (мысалы, қайтыс болу фактісі, баланың ата-анасы бала туғаннан кейін некені тіркетпей, баланың тууы туралы жазбаға түзетулерді уақтылы енгізбеген және мұны жасау әкесінің қайтыс болуына байланысты мүмкін болмаған жағдайларда әкелікті тану фактісі) құжатты алу мүмкін емес деп түсіну қажет. Фактіні растайтын құжаттардың болғанымен, оларда құжаттың дәлелдемелік маңызынан айыратын, түзетілуі мүмкін емес қателіктер мен сәйкессіздіктер (мысалы, жазатайым жағдай туралы акт) жіберілген жағдайларда да құжатты алу мүмкін емес деп түсінген жөн.
Қажетті құжаттың жоғалып немесе жойылып кетуі салдарынан тиісті тұлғаның оның телнұсқасын беруге мүмкіндігінің болмауын жоғалған құжатты қалпына келтіру мүмкін емес деп түсіну қажет.
Соттар дауды сотқа дейінгі шешу тәртібін заңдық фактіні соттан тыс анықтау тәртібінен ажыратулары тиіс.
Заңдық фактіні соттан тыс анықтау тәртібі деп заңнамалық актілерде көзделген тәртіпті түсінген жөн, ол бойынша мемлекеттік органға, ұйымға, өзге тұлғаға жүгініп заңдық фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуға немесе қалпына келтіруге мүмкін болады.
Егер қолданыстағы заңнамада оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) тәртібі көзделсе, онда сот АПК-нің 151-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартуға тиіс.
Арыз қате қабылданып, іс қозғалған жағдайда, онда ол АПК-нің 277-бабы 1) тармақшасының негізінде тоқтатылуға жатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3-1. Соттар құқық туралы даудың бар болуы немесе жоқтығы туралы мәселені шешкен кезде істі сот талқылауына дайындау тәртібімен арыз берушіге қандай мақсатта заңдық фактіні анықтау қажет екенін, оны анықтаған кезде қандай құқықтық қатынастардың туындауы мүмкін екендігін, осы құқықтық қатынастарға қатысуы ықтимал басқа да тұлғалардың бар-жоғын анықтағаны жөн.
Тиісті құқықтық қатынасқа кіруге ниет білдірген немесе оған кірген мұндай тұлғалардың бар болуы құқық туралы даудың орын алғанын куәландыруы мүмкін.
Егер судья істі сот талқылауына дайындауға әрекеттер жасаған немесе істі мәні бойынша қараған кезде соттың ведомстволығындағы құқық туралы дау бар екенін анықтаса, онда ол АПК-нің 279-бабы 13) тармақшасының негізінде арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығаруға және арыз беруші мен басқа да мүдделі тұлғаларға талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.
Істі дұрыс шешу мақсатында азаматтық сот ісін жүргізу түрінің аражігін ажырату үшін құқық туралы даудың бар-жоғын анықтау қажет.
Сот құқық туралы дау болмаған кезде арызды қараусыз қалдыру туралы қате ұйғарым шығарып, арыз берушіге талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге ұсыным жасаған жағдайлар, процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзу деп есептелмейді.
Туу, бала асырап алу, некеге тұру, ажырасу және қайтыс болу тіркелгенінің (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасы), құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілілігінің (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасы), егер жазатайым жағдайды өзгеше тәртіппен растау мүмкін болмаса, жазатайым жағдайдың (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 7) тармақшасы), азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір мән-жайларда белгілі бір уақытта қайтыс болғанының (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 8) тармақшасы) заңдық фактісі анықталған кезде құқық туралы дау туындауы мүмкін емес.
Ескерту. Нормативтік қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Туыстық қатынастар фактісін анықтау, әдетте, туысқандар осы фактіні тиісті құжаттарды ұсыну арқылы дәлелдей алмайтын жағдайларда орын алуы мүмкін.
Бірінші және екінші кезектегі мұрагерлер болып табылатын ата-анасы мен балалар, аға-інілер, апа-қарындастар (сіңлілер), ата-әжелер арасындағы туыстық қатынас азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді (туу туралы куәліктерді, некені тіркеу, бұзу туралы куәліктерді және т.б.) ұсыну арқылы құжатпен расталуы мүмкін, сондықтан мұрагерлік құқығын алу үшін туыстық қатынастардың фактісін анықтау туралы арыз беретін мүдделі тұлғалар, әдетте, бірінші және екінші кезектегілерден басқа кейінгі кезектегі мұрагерлер (немере аға-інілер, апа-қарындастар (сіңлілер), нағашы ағалары мен нағашы апалары және т.б.) болып табылады.
Ерлі-зайыптылар қандас туыстар болып табылмайды, сондықтан олардың арасында туыстық қатынастар анықталуы мүмкін емес.
Қайтыс болған адам өмір сүрген кезде өзін арыз берушінің әкесі деп таныған негіздер бойынша мұрагерлікті алу мақсатында туыстық қатынастар фактісі анықталуы мүмкін емес.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Аталған жағдайларда, арызданушы жалақы, зейнетақы, стипендия және т.б. кірістері болған болса, қамқоршы тарапынан көмек тұрақты және негізгі күнкөріс көзінің болғанын анықтау қажет.
Тек қайтыс болған адамның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқылы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
Егер азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында және тиісті мұрағаттарда мұндай жазба сақталмаса және оны қалпына келтіруден бас тартылса, онда мұндай істер қаралуға жатады.
Нақтылы некелік қатынаста болу фактісін анықтау туралы істер осы тармаққа сәйкес қаралмайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Әскери құжаттардың, паспорттың, жеке куәліктің және азаматтық хал актілерін жазу органдары берген куәліктердің нақтылы адамға тиісті фактісін анықтауға соттың құқысы жоқ.
Сонымен қатар, ССР Одағының және оның органдарының таратылуына байланысты, ордендер мен медальдардың куәліктерінде көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін жағдайда, ол құжаттар белгілі адамдікі екендігін анықтауға сот құқысының бар екендігін назарда ұстау қажет. Осы орайда, осындай фактілерді анықтау туралы шешім осы құжаттардың арызданушыға тиесілі екендігі нанымды дәлелдемелердің қорытындысына сәйкес негізделуге тиіс.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Егер мүліктің тиесілілігі туралы құқық белгілейтін құжаттарда қате жіберілген болса, мұндай факт анықталуы мүмкін емес.
Егер арыз берушінің өтініші осы мүлікке басқа адамдардың талаптарымен байланысты болса, мұндай факт ерекше талап қою ісін жүргізу тәртібімен анықталуы мүмкін емес.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Жазатайым жағдай туралы акт жасалмаса, ал оны жасаудың мүмкіндігі болмаса, акт жасалған, бірақ ол кейіннен жоғалса, ал оны соттан тыс тәртіппен қалпына келтіру мүмкіндігі болмаса немесе актіні жасау кезінде жазатайым жағдай фактісін тануға кедергі келтіретін қателік жіберіліп, оны жою мүмкін болмаған жағдайда, жазатайым жағдай туралы фактіні анықтау жайлы арыз сот өндірісіне қабылдануы мүмкін.
Жазатайым жағдай фактісін анықтау туралы істерді қарау кезінде сот еңбекке қабілеттіліктен айырылу себептері мен оның дәрежесін, мүгедектік тобын және оған ұшыраған уақытын анықтауға құқылы емес.
Шешімнің қарар бөлігі еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 190-бабы) жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілуге тиіс мәліметтерді қамтуға тиіс.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
Арызды қанағаттандыру туралы шешім адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болғанын нанымды куәландыратын дәлелдемелерге негізделуге тиіс.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Егер қажетті құжаттар ұсынылып, бірақ мұраны иелену құқығы туралы куәлікті беруден бас тартылса, арызданушы АПК-нің 45-тарауында мазмұндалған қағидаға сәйкес нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуға байланысты шағымданып, сотқа жүгінуге құқылы.
Егер мұра, мұраны қабылдау презумпциясын көздейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ерекше бөлімі күшіне енгізілген 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін шын мәнісінде қабылданса мұндай фактілердің анықталуы мүмкін екенін соттар назарда ұстаулары қажет. Мұндай жағдайда бұрын қолданылған заңнаманы басшылыққа алу керек.
Сонымен қатар мұндай фактілер мұраны қабылдаудың алты айлық мерзімін белгілеген (АК-нің 1072-бабының 1-тармағы) "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 225-ІІІ Заңы қолданысқа енгізілгеннен кейін анықталуы мүмкін.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
КСРО Жоғарғы Советі Президиумының 1944 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен 1944 жылғы 8 шілдедегі Жарлық шыққанға дейін нақтылы некелік қатынастарда болған азаматтарға және ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуының салдарынан некені азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында тіркеуге мүмкіндігі болмағандарға нақтылы некені тану туралы сотқа жүгіну құқығы берілген болатын. Осы іс-әрекеттерді жасау үшін қандай да бір мерзім белгіленбегендіктен мұндай фактілердің әлі күнге дейін заңдылық маңызы бар болғандықтан, олар сот арқылы анықталуы мүмкін.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
12-1. Пайдалануға қабылданбаған, өз бетінше тұрғызған ғимаратты, құрылысты, сонымен қатар басқа адамның атына тіркелген ғимаратты, құрылысты иелену фактілерін анықтау туралы, заңнамаға сәйкес ресімделмеген мәміле бойынша сатып алынған автокөлік құралдарын және кез келген жылжымалы мүлікті иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерін анықтау туралы тұлғалардың арыздары бойынша істерді сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарауға тиіс емес.
Сот мұндай талаптарды талап қою ісін жүргізу тәртібімен қарауға тиіс.
Ескерту. Нормативтік қаулы 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 6 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жалпы отырыстың хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы
Иелену пайдалану және билік етудің заңды фактісін белгілеу туралы сот шешімі негізінде меншік құқығын тіркеуден бас тарту заңсыз деп танылды.
Иелену пайдалану және билік етудің заңды фактісін белгілеу туралы сот шешімі негізінде меншік құқығын тіркеуден бас тарту заңсыз деп танылды.Н., 2009 жылғы 02 қазанда қайтыс б...