Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Ерлі-зайыптылардың талаптары бойынша еңбек қатынастары фактісінің жоқтығы туралы талап қоюлар

Ерлі-зайыптылардың талаптары бойынша еңбек қатынастары фактісінің жоқтығы туралы талап қоюлар

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ерлі-зайыптылардың талаптары бойынша еңбек қатынастары фактісінің жоқтығы туралы талап қоюлар

 Зайыбының бұрынғы жұбайына және оның жұмыс берушісіне еңбек қатынастары фактісінің жоқтығы туралы мәлімдеген талап қоюлар орын алады.

Мұндай талап қоюлар ерлі-зайыптылардың алимент төлеуден жалтаруына байланысты беріледі.

Соттар талап қоюды қанағаттандырудан негiздi түрде бас тартады, өйткені зайыбы даулап отырған еңбек құқық қатынастарының қатысушысы болып табылмайды.

           Талап қоюшы Б. сотқа бұрынғы жұбайына талап қоюмен жүгініп, 2020 - 2022 жылдар кезеңінде жауапкерлер арасында еңбек қатынастарының жоқтығы фактісін анықтауды сұраған.

Ол өз талаптарында жауапкердің атқарушылық іс жүргізу барысында алимент төлеуден жалтарғанын, өз табысын жасырғанын, алимент мөлшерін азайту мақсатында ЖШС-мен жалған еңбек шартын жасағанын көрсеткен.

Осылайша, ол 2020, 2021, 2022 жылдары жауапкерлер арасында жасалған еңбек шарттарын жарамсыз деп тануды өтінді.

Петропавл қаласы № 2 сотының шешімімен талап қою толық көлемде қанағаттандырылды.

Талап қоюшының талаптарын қанағаттандыра отырып, сот жұмыс уақытын есепке алу табелінің, жалақыны есептеу ведомосының, ЖШС-ның штат кестесінің жоқтығын, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі департаментінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы мәліметтеріне сәйкес жауапкер Қазақстан Республикасының аумағында ұзақ уақыт болмағанын көрсетті.

СҚО азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 29 тамыздағы қаулысымен Петропавл қаласы № 2 сотының 2023 жылғы 19 маусымдағы шешімінің күші жойылды, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.

Талап қоюшы (жұбайы) еңбек шартының тарапы болып табылмайтындықтан, сот дұрыс бас тартты. 

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау 

Еңбек кодексінің 159-бабының талаптарын қолдану практикасы АПК-нің 148-бабы талап қоюдың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың тізбесін қамтиды.

АПК-нің 148-бабы 1- тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес, егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, арызда жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Еңбек тәртібінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын дауларды қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша дауларды соттар қарайды.

Яғни жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын даулар бойынша келісу комиссиясында дауды алдын ала қарауды сақтау талап етілмейді.

Келісу комиссиясына жүгіну туралы талап еңбегі Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде кӛзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелетін жұмыскерлердің жекелеген санаттарына, оның ішінде әскери қызметте тұратын жұмыскерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.

           Алайда заңның осы талабы бұзылған, жұмыскерлердiң арыздары оған заңды негiздерсiз қайтарылған жағдайлар бар.

К. ЖШС-ға қызметкерлердің штаты қысқартылған кезде жалақыны, өтемақы төлемдерін, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін, өсімпұл мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2022 жылғы 19 тамыздағы ұйғарымымен К. жалақы бойынша берешегі туралы анықтаманы бермеуіне, сондай-ақ келісу комиссиясының шешімі болмауына байланысты талап қоюшы барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылды.

Қайта жүгінгеннен кейін Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі ұйғарымымен арыз дауды сотқа дейін реттеудің сақталмауына байланысты талап қоюшыға тағы да қайтарылды.

Сот арызды қайтара отырып, іс материалдарында талап қоюшының келісу комиссиясына жүгінгені туралы арыздың көшірмесі бар екенін көрсетті. Алайда оны қарау үшін жұмыс берушіге тиісінше тапсырылғанын растайтын құжат және келісу комиссиясының шешімі жоқ.

2022 жылы 14 қазанда талап қоюшы тағы да сотқа жүгінді. Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2022 жылғы 27 қазандағы ұйғарымымен тараптар арасында медиативтік келісім бекітілді.

Алайда іс материалдарында мемлекеттік еңбек инспекторының хаты бар, оның мазмұнынан анықталғандай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінің (ТСОБТ) мәліметтері бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтамасына сәйкес ЖШС шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген. ЖШС микрокәсіпкерлік субъектісіне жататындықтан, келісу комиссиясында еңбек дауын сотқа дейінгі реттеу тәртібі талап етілмеген.

Орал қаласы № 2 сотының 2022 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымымен Д. ЖШС-ға жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қоюы сотқа жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін бұзғаны үшін талап қоюшыға қайтарылды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 9 тамыздағы ұйғарымымен 2022 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымның күші жойылып, іс материалдары дауды мәні бойынша қарау үшін сол сотқа жіберілді.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қайтара отырып, ЖШС-ның келісу комиссиясына жүгіну қажеттігіне сілтеме жасай отырып, Еңбек кодексінің 159-бабының 1-тармағын басшылыққа алды.

Бұл ретте сот талап қоюшының осы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы және басшысы болып табылатынын, тиісінше келісу комиссиясына жүгіну қажеттігі талап етілмейтінін назарға алмаған.

Бәйтерек ауданы № 2 сотының 2021 жылғы 1 қарашадағы ұйғарымымен У.-дың ЖШС-ға жалақы өндіріп алу туралы талап қоюы талаптардың даусыз болуына және нотариусқа жүгіну арқылы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау қажеттігіне байланысты қайтарылды.

Апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 20 қаңтардағы ұйғарымымен аудандық соттың 2021 жылғы 1 қарашадағы ұйғарымының күші жойылды, іс материалдары дауды мәні бойынша қарау үшін сол сотқа жіберілді.

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 92-1-бабы 2-тармағы 9) тармақшасының талаптарына сәйкес нотариус қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақыны және өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы даусыз талаптар бойынша атқарушылық жазбаны немесе тиісті қаулыны шығарады.

Талап қоюдың мазмұнынан анықталғандай, дау тараптардың арасында еңбек шарты жасалмаған, демек, талап қоюшыға жалақы есептелмеген, оны ӛндіріп алу туралы талап жұмыс уақытын есепке алу табеліне және жолдама парағына негізделген.

Көрсетілген мән-жайлар тараптар арасында талап қоюшының жауапкермен еңбек құқықтық қатынастарын жүзеге асыруына және жалақы бойынша берешегінің болуына байланысты даудың бар екенін куәландырады. Демек, дау сотта қаралуға жатады. 

Соттылық 

«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының (бұдан әрі - НҚ) 5-тармағына сәйкес еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптар жауапкердің – заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша немесе дауда жауапкер ретінде болатын жұмыс беруші жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жалпы азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сотқа қойылуға жатады.

АПК-нің 29-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

АПК-нiң 30-бабының үшiншi бӛлiгiнде кӛзделген тәртiппен филиалдың немесе өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша талап қоюлар берiлген кезде тек заңды тұлғалар ғана жауапкер бола алады. Қорытылатын санаттағы істер бойынша соттылық мәселелері қиындық туғызбайды.

Мысалы, Өскемен қалалық сотының ұйғарымымен Ж.-ның ЖШС-ға залалды қндіру, үстеме жұмыс үшін ақы төлеу, моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюға қатысты азаматтық іс мәні бойынша қарау үшін соттылығы бойынша Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына берілді.

Соттың ұйғарымы дұрыс, өйткені жауапкер - заңды тұлға Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі мекенжайында орналасқан және тіркелген, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша сотқа берілуге тиіс.

Бұдан басқа, соттардың назарын Еңбек кодексінің 19-бабының талаптарына аудару қажет деп есептеймін, оған сәйкес шетелдік заңды тұлға филиалының немесе ӛкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады.

Демек, қызметкер филиал басшысының заңды тұлғаның мүдделерін білдіру құқығын алдын ала тексеріп, шетелдік заңды тұлға филиалының орналасқан жері бойынша талап қоюмен жүгінуге құқылы.

Жұмыс беруші оңалтылған не банкрот болған жағдайда еңбек дауларының соттылығын айқындау мәселесі

Сонымен АПК-нің 35-бабы сегізінші бӛлігінің ережелеріне сәйкес оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы АПК-нің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті ӛндіріп алу туралы істерді қарайды.

Ақтөбе қалалық сотының 2021 жылғы 15 ақпандағы ұйғарымымен Ж.-ның ЖШС-ға жұмыстан шеттету, шығару туралы, жұмысқа қайта алу, үстеме жұмыс үшін жалақыны өндіріп алу туралы, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны өндіру, өсімпұлды, моральдық зиянды өндіру туралы бұйрықтардың күшін жою туралы талап қоюы осы соттың соттылығына жатпайтындықтан, КК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы негізінде қайтарылған.

Сот талап қоюды қайтара отырып, Ақтөбе облысы МАЭС-тің шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі қолданылғанын, осыған байланысты АПК-нің 35-бабының 8-бөлігіне сәйкес іс экономикалық соттың қарауына жататынын көрсетті.

Заңды күшіне енген Ақтөбе облысы МАЭС-тің 2016 жылғы 14 қазандағы шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі іс жүзінде қолданылған.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 5, 7) тармақшаларының ережелеріне сәйкес сот борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды, сондай-ақ оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.

Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер.

Тараптар арасындағы дау еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтыны, еңбек заңнамасының нормаларына және еңбек шарттарының талаптарына негізделгені және оңалту рәсімін жүзеге асырумен байланысты еместігі анықталды.

Сот АПК-нің 35-бабы сегізінші бөлігінің ережелерін дұрыс қолданбағандықтан, сот алқасының 2021 жылғы 12 наурыздағы ұйғарымымен мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға бере отырып, сот ұйғарымының күші жойылды.

Жұмыс беруші банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған жағдайда еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар (жұмысқа қайта алу, жалақыны өндіріп алу және т.б. туралы) жалпы юрисдикция соттарында қаралуға және шешілуге жатады, АПК-нің 35-бабының сегізінші бөлігі ережелерінің нормалары еңбек дауларына қолданылмайды. 

Мемлекеттік баж 

           СК-нің 610-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

СК-нің 951-бабы 1-тармағының талаптары негізінде моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы.

АПК-нің 149-бабының талаптарына сәйкес, талап қоюға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.

СК-нің 616-бабының 1) тармақшасына сәйкес соттарда талап қоюшылар еңбекке ақы төлеу сомасын өндіріп алу туралы талап қою және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Талап қою қанағаттандырылған жағдайда сот АПК-нің 117-бабына сәйкес мемлекет кірісіне мемлекеттік бажды оны төлеуден босатылмаған жауапкерден ӛндіріп алуға міндетті.

Соттардың АПК-нің 149-бабы 1-бӛлігінің 2) тармақшасын бұза отырып, мемлекеттік баж төленбеген талап қоюларды соттың іс жүргізуіне қабылдаған жекелеген жағдайлары анықталды.

Іс материалдарынан анықталғандай, А. ЖШС-ға жалақыны, бос тұрып қалғаны үшін өтемақыны, моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен күшінде қалдырылған Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен ЖШС-дан А.-ның пайдасына жалақыны өндіру бойынша берешекті, тұрақсыздық айыбын, моральдық зиян өтемақысын, өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстары өндірілді.

ЖШС-ға 2021 жылғы 22 маусымнан бастап 2021 жылғы тамызға дейін А.-ның еңбек қызметінің кезеңіне зейнетақы аударымдары мен басқа да міндетті төлемдерді жүргізу міндеті жүктелді. 

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері 

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері (Еңбек кодексінің 160-бабы)

Келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі келісу комиссиясына табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша жүгінген кезде не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамаған кезде келісу комиссиясы шешімінің кӛшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап екі ай;

2) басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл.

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Жүгінудің белгіленген мерзімі дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда келісу комиссиясы еңбек даулары бойынша келісу комиссиясына жүгіну мерзімін қайта бастай алады және дауды мәні бойынша шеше алады.

Келісу комиссиясы жұмыскердің, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскердің белгіленген мерзімдерде келісу комиссиясына жүгінбеу себептері дәлелді себептерге жататындығын не жатпайтындығын дербес айқындайды.

Еңбек кодексіне сәйкес жеке еңбек дауларын қарау бойынша келісу комиссиясына жүгінбей, сотқа жүгінуге құқығы бар еңбек қатынастарына қатысушылар үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап үш ай; басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскер өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.

Жоғарыда келтірілген заң нормаларынан анықталғандай, жұмыскерлердің жекелеген санаттарын қоспағанда, еңбек шартының  тараптары арасындағы жеке еңбек дауларын қарау бойынша дауды сотқа дейін реттеу, атап айтқанда келісу комиссиясына және реттелмеген мәселе бойынша жүгінген кезде шешімнің көшірмесін алғаннан кейін ғана не оның шешімін еңбек шартының тарапы орындамаған кезде - сотқа жүгінудің тәртібі белгіленген.

Бұл ретте келісу комиссиясы болмаған жағдайда жүгіну мерзімінің өтуі ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады, бұл жеке еңбек дауын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуіне әкеп соқпайды.

Еңбек кодексінің 159- бабының 3-тармағына сәйкес келісу комиссиясын қалыптастыру тәртібі және оның қызметі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде не ұжымдық шартта айқындалады.

М. №1 ЖШС-ға, №2 ЖШС-ға жұмыстан шығару, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу, міндетті зейнетақы жарналарын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды аударуды міндеттеу туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан толық кӛлемде бас тартылды.

Бірінші сатыдағы сот М. 2020 жылғы 13 мамырдағы еңбек шарттарының негізінде №1 ЖШС-ға және №2 ЖШС-ға жабдықтаушы болып жұмысқа қабылданғанын кӛрсетіп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Талап қоюды жұмыстан шығару туралы бұйрықтар оның арыздары негізінде шығарылған. 2020 жылғы 14 шілдедегі актіге сәйкес М. бұйрықпен танысудан бас тартты.

Сотта талап қоюшының өкілі жұмыстан шығару туралы арызды М.-нің жазғанын растады, Жұмыстан шығарылғаннан кейін жұмыс беруші онымен толық есеп айырысты.

Сот отырысында жауапкердің өкілі талап қою мерзімін қолдану туралы өтінішхат мәлімдеді, өйткені талап қою жұмыстан шығарылған кезден бастап бір жылдан астам уақыт өткен соң берілген.

Талап қоюшы жұмыстан шығару туралы бұйрықтарға дау айту туралы сотқа 2021 жылғы 16 қыркүйекте жүгінген, ал жұмыстан шығару туралы бұйрық 2020 жылғы 13 шілдеде шығарылған.

Апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 5 наурыздағы №1 ЖШС-ның және №2 ЖШС-ның талап қоюшыны жабдықтаушы лауазымынан шығару туралы бұйрықтары заңсыз деп танылып, жауапкерлерден жалақы бойынша берешек ӛндірілді.

Бірінші сатыдағы соттың іс бойынша шешімін өзгерте отырып, сот алқасы талап қоюшының сотқа жалақыны өндіріп алу туралы талап қоюмен, кейіннен бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы талаппен жүгінгенін, бұл туралы Қордай аудандық сотының 2021 жылғы 18 мамырдағы, 2021 жылғы 1 шілдедегі сот актілері бар екенін көрсетті.

Осыған байланысты талап қоюшы ескіру мерзімін өткізіп алмаған. Талап қоюшы талаптарын бір жылдық мерзім шегінде мәлімдеген.

Жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың заңсыз деп танылуына байланысты жалақыны өндiрiп алу туралы талаптар қанағаттандыруға жатады.

10 2020 жылғы 14 шілдедегі актіге сәйкес М. жұмыстан шығару туралы бұйрықтармен танысты, бірақ актіге қол қоюдан бас тартты.

Сот актілерінен анықталғандай, М. жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қоюмен 2021 жылдың наурызында сотқа жүгінген.

Соттың 2021 жылғы 18 мамырдағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды. Алайда ол 2021 жылғы 16 қыркүйекте, яғни бұйрықтар шығарылған сәттен бастап 1 жыл 2 ай өткен соң жұмыстан шығару туралы бұйрықтарға дау айту туралы сотқа жүгінген.

Талап қоюшы сотқа жүгіну мерзімінің өткізіп алуының дәлелді екенін куәландыратын жеткілікті және нанымды дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған.

Осыған байланысты апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы соттың сот актісінің күшін жою туралы тұжырымдары заңсыз.

АК-нің 179-бабының 2-тармағына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мәлiмдеме бойынша ғана сот қолданады.

           Сот талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан, талап қоюды қарауға қабылдауға міндетті.

Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты бас тартуға немесе арызды қайтаруға жол берілмейді.

Талап қоюдың ескіру мерзімдерінің сақталуы не олардың аяқталуы, сотқа жүгіну мерзімінің өтіп кетуінің дәлелді себептерінің болуы дауды қарау кезінде тексерілуге тиіс.

Шешім шығарылғанға дейін талап қоюдың ескіру мерзімін қолдану туралы арыз болмаған кезде дау мәні бойынша шешіледі.

Мысалы, талап қоюшы С. Мекемеге жұмысқа қайта алу және бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы № 2 аудандық сотының 2021 жылғы 29 қарашадағы шешімімен жауапкердің арызы негізінде ескіру мерзімінің өтуіне байланысты талап қоюдан қанағаттандырудан негізді түрде бас тартылды.

Сот өз тұжырымында талап қоюшының 2021 жылғы 27 қазанда сотқа талап қоюмен жүгінгенін, ал шартты бұзу туралы бұйрық 2020 жылғы 11 маусымда шығарылғанын уәж келтіреді.

Талап қоюшы сотқа жүгіну мерзімін өткізіп алу себептерінің дәлелді екеніне жеткілікті және нанымды дәлелдемелер ұсынбаған. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. 

Нормативтік база Қорытылатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер 

·       Қазақстан Республикасының Конституциясы; 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

·       1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - АК);

·       2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК);

·       2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі - Еңбек кодексі);

·       2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) (бұдан әрі - СК);

·       2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексі;

·       «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі;

·       «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-I Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының:

·       «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9;

·       «Соттардың моральдық зиянды ӛтеу жӛніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7;

·       «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5;

·       «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулылары.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2002 жылғы 28 маусымдағы N 13 қаулысы.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2002 жылғы 28 маусымдағы N 13 қаулысы. Ескерт...

Толық оқу »

Иелену пайдалану және билік етудің заңды фактісін белгілеу туралы сот шешімі негізінде меншік құқығын тіркеуден бас тарту заңсыз деп танылды.

Иелену пайдалану және билік етудің заңды фактісін белгілеу туралы сот шешімі негізінде меншік құқығын тіркеуден бас тарту заңсыз деп танылды.Н., 2009 жылғы 02 қазанда қайтыс б...

Толық оқу »

497-бап. Адвокат адвокаттық кеңсе арқылы заң көмегін көрсеткен кезде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

497-бап. Адвокат адвокаттық кеңсе арқылы заң көмегін көрсеткен кезде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Адвокаттық кеңсен...

Толық оқу »

298-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын игеру салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі

298-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын игеру салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін кіріс Қаза...

Толық оқу »

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз ж...

Толық оқу »

93-бап. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

93-бап. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      Кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тау...

Толық оқу »

138-бап. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

138-бап. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылауды салық орган...

Толық оқу »

Соттардың жеке ұйғарымдарға келіп түскен жауаптарға ресми қатынасы фактілері анықталды.

Соттардың жеке ұйғарымдарға келіп түскен жауаптарға ресми қатынасы фактілері анықталды.Мәселен, Маңғыстау облысының СМЭС-ін 2019 жылғы 14 ақпандағы Азаматтық іс бойынша "Ақтау...

Толық оқу »

Еңбек қатынастары фактісін тану

Еңбек қатынастары фактісін тануАқшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін, сондай-ақ өзінің қызмет бабын өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де...

Толық оқу »

435-бап. Соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi   ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

435-бап. Соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Егер: 1) соттың т...

Толық оқу »

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды2015 жылғы 17 маусымда Алматы қаласының маманд...

Толық оқу »

18-4-бап. Интернет-ресурстардағы балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

18-4-бап. Интернет-ресурстардағы балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы      1. Балаға қатысты кибер...

Толық оқу »

245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы Әкімші...

Толық оқу »

207-бап. Шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексі

207-бап. Шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Шот-фактураны мынадай:     қосылған құн салығын төлеуші ретін...

Толық оқу »

Жол көлік оқиғасының фактісі туралы процестік құжаттың болмауы жоғары қауіптің көзімен келтірілген зиянды өтеуге кедергі келтірмейді

Жол көлік оқиғасының фактісі туралы процестік құжаттың болмауы жоғары қауіптің көзімен келтірілген зиянды өтеуге кедергі келтірмейдіН.К. И.Қ. мүліктік зиянды өтеу туралы талап...

Толық оқу »

120-1-бап. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

120-1-бап. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа...

Толық оқу »

Соттың және уәкілетті органның өлшеу аспаптарына тексерулердің жоқтығы туралы қорытындылары істің нақты мән жайларына сәйкес келмейді

Соттың және уәкілетті органның өлшеу аспаптарына тексерулердің жоқтығы туралы қорытындылары істің нақты мән жайларына сәйкес келмейдіҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа...

Толық оқу »

78-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының тұрған жерінің) болуына байланысты құқықтар мен міндеттерді беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

78-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының тұрған жерінің) болу...

Толық оқу »

270-3-бап. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі

270-3-бап. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Пациентті қолдау ж...

Толық оқу »

Жұмыс берушіге қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырмашылықты өтеу міндеті жүктеледі.

Жұмыс берушіге қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырмашылықты өтеу міндеті жүктеледі.Сақтандырушы үшін өтелуге жататын жоғалған табысты есепт...

Толық оқу »

305-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

305-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүлікт...

Толық оқу »

306-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға қажетті шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

306-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға қажетті шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәлан...

Толық оқу »

18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алу құқығы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты...

Толық оқу »

Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оны жасау фактісіне байланысты туындайды.

Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оны жасау фактісіне байланысты туындайды.Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу туындыны өз...

Толық оқу »

137-бап. Экологиялық залал фактісін және экологиялық залал келтірген тұлғаны анықтау Қазақстан Республикасының Экология кодексі

137-бап. Экологиялық залал фактісін және экологиялық залал келтірген тұлғаны анықтау Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Экологиялық залал келтірген тұлға мұндай зал...

Толық оқу »

Мәміле бағасының нарықтық бағадан 10 пайыздан астам ауытқу фактісін анықтаған кезде салық органы ауытқудың нақты мөлшерін анықтауы керек.

Мәміле бағасының нарықтық бағадан 10 пайыздан астам ауытқу фактісін анықтаған кезде салық органы ауытқудың нақты мөлшерін анықтауы керек.Трансферттік бағаларды қолдану кезінде...

Толық оқу »

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік | жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша әкімшілік іс

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік | жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша әкімшілік ісСот 19.10.2019 жылғы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға с...

Толық оқу »

106-бап. Нақты тасымалдаушының жауапкершiлiгi  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

106-бап. Нақты тасымалдаушының жауапкершiлiгiСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Осы тараудың тасымалдаушы жауапкершiлiгi жөнiнде белгiленген ережелерi нақты тас...

Толық оқу »

154-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін іс жүзінде тәрбиелеген адамдарды күтіп-бағу міндеті Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

154-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін іс жүзінде тәрбиелеген адамдарды күтіп-бағу міндеті Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Кәм...

Толық оқу »

153-бап. Бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезiнде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша қолданатын шаралары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

153-бап. Бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезiнде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша қолданатын шаралары Қазақстан Республикас...

Толық оқу »

Шағым апелляциялық сот алқасына қорғаушының шағым арызын қараусыз қалдырылып, кері қайтару туралы қаулысының күшін жою

Шағым апелляциялық сот алқасына қорғаушының шағым арызын қараусыз қалдырылып, кері қайтару туралы қаулысының күшін жоюТүркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот...

Толық оқу »

88-бап. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

88-бап. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұруды салық ор...

Толық оқу »

Меншік құқығы туралы даулар бірге тұру және нақты неке қатынастарында болу бірге тұратындардың бірі сатып алатын мүлікке ортақ меншік режимінің пайда болуына әкелмейді

Меншік құқығы туралы даулар бірге тұру және нақты неке қатынастарында болу бірге тұратындардың бірі сатып алатын мүлікке ортақ меншік режимінің пайда болуына әкелмейдіБ.Көкшет...

Толық оқу »

Уақыттың нақты жоғалуы үшін шығындарды өндіріп алу туралы өтінішхатқа қарсылық

Уақыттың нақты жоғалуы үшін шығындарды өндіріп алу туралы өтінішхатқа қарсылықНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру  12-тарау. Фактiлердi куәландыру Нотариат туралы Заңы

81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру12-тарау. Фактiлердi куәландыру Нотариат туралы Заңы      1. Нотариус азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады.      2....

Толық оқу »

260-бап. Жалған, контрафактілік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

260-бап. Жалған, контрафактілік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Қазақстан Рес...

Толық оқу »

40-бап. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

40-бап. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Әкелінетін тауарла...

Толық оқу »

Қасақана кісі өлтіруге оқталу, яғни адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасау ретінде қарама-қайшы және жол берілмейтін нақты деректерге негізделген, кінәсіздік презумпциясының Конституциялық принципіне сәйкес келмейді

Қасақана кісі өлтіруге оқталу, яғни адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасау ретінде қарама-қайшы және жол...

Толық оқу »

Құқықтық қатынастарды еңбек деп тану туралы дауларды қарау (қызмет көрсету туралы шарт негізінде белгілі бір мамандық бойынша еңбек функцияларын нақты орындау кезінде)

Құқықтық қатынастарды еңбек деп тану туралы дауларды қарау (қызмет көрсету туралы шарт негізінде белгілі бір мамандық бойынша еңбек функцияларын нақты орындау кезінде)Аталған...

Толық оқу »

Сот қорытындыларының істің нақты мән-жайларына сәйкес келмеуі сот актілерінің күшін жоюға және жаңа қаулы қабылдауға негіз болды

Сот қорытындыларының істің нақты мән-жайларына сәйкес келмеуі сот актілерінің күшін жоюға және жаңа қаулы қабылдауға негіз болдыАлматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік...

Толық оқу »

216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республик...

Толық оқу »

Сотталғандықты өтеу мерзімі жазаның негізгі және қосымша түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып есептеледі.

Сотталғандықты өтеу мерзімі жазаның негізгі және қосымша түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып есептеледі.ҚК-нің 79 - баб...

Толық оқу »

Туу, асырап алу (қыз баланы асырап алу), некелесу, ажырасу және өлімді тіркеу фактілерін анықтау туралы

Туу, асырап алу (қыз баланы асырап алу), некелесу, ажырасу және өлімді тіркеу фактілерін анықтау туралы Талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы анықтамаларда көрсетілген,...

Толық оқу »

Жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау туралы талап қойған тұлға өз құқығының бұзылғанын дәлелдеуі тиіс.

Жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау туралы талап қойған тұлға өз құқығының бұзылғанын дәлелдеуі тиіс.2022 жылғы 10 қазанда "Instagram" әлеуметтік желісінде "Менің қалам" басы...

Толық оқу »

58-4-бап. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қабылдайтын шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

58-4-бап. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қабылдайтын шараларҚазақста...

Толық оқу »

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Шот-фактура электрондық нысанда жазып...

Толық оқу »

72-бап. Әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

72-бап. Әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істі дұрыс қара...

Толық оқу »

Сотқа арыз тұрғын емес үй-жайды несиеге сатып алу-сату шарты Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы

Сотқа арыз тұрғын емес үй-жайды несиеге сатып алу-сату шарты Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралыАлматы қаласы Әуезов аудандық сотының № 2 аудандық сотынаӨтініш беруші: М П...

Толық оқу »

295-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

295-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Есепті салықтық кезеңде...

Толық оқу »

Ішкі істер министріне, қылмыстық істі орындамау және әуре-сарсаңға салу жөніндегі тергеушіге шағымдану немесе дәрігерлік қателік жіберген дәрігерлердің біліктілігінің болмау фактісі бойынша өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау бойынша Практика

Ішкі істер министріне, қылмыстық істі орындамау және әуре-сарсаңға салу жөніндегі тергеушіге шағымдану немесе дәрігерлік қателік жіберген дәрігерлердің біліктілігінің болмау ф...

Толық оқу »

498-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

498-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдай...

Толық оқу »

Арыз полиция басқармасы факті бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы алаяқтық

Арыз полиция басқармасы факті бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы алаяқтық"Өскемен қаласының полиция басқармасы" ММШығыс Қазақстан облысы полиция департаментініңҚаз...

Толық оқу »

712-3-бап. Салық төлеушінің нақты шығындары сомасынан   салықтық міндеттемелерді азайту тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

712-3-бап. Салық төлеушінің нақты шығындары сомасынан салықтық міндеттемелерді азайту тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер...

Толық оқу »

Авторлық құқық Тұжырымдаманың нақты идеяларына, принциптеріне, жүйелік әдістерге, ашылу процестеріне, фактілерге қолданылмайды.

Авторлық құқық Тұжырымдаманың нақты идеяларына, принциптеріне, жүйелік әдістерге, ашылу процестеріне, фактілерге қолданылмайды.Авторлық құқық объектілері сценарий туындылары б...

Толық оқу »

493-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

493-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған...

Толық оқу »

499-бап. Түзетілген шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

499-бап. Түзетілген шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе)...

Толық оқу »

501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураны кері қайтарып алу шот-фактураның жазып...

Толық оқу »

Тууды, бала асырап алуды, некені, ажырасуды және өлімді тіркеу фактісін анықтау

Тууды, бала асырап алуды, некені, ажырасуды және өлімді тіркеу фактісін анықтауІстердің осындай санатын қарау кезінде (АІЖК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасы) сот оқ...

Толық оқу »

494-бап. Экспедиторлардың шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

494-бап. Экспедиторлардың шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тара...

Толық оқу »

Сотта тауарлардың нақты жеткізілуін белгілеу камералдық бақылау нәтижелері бойынша Хабарламаның күшін жою үшін сөзсіз негіз болып табылады.

Сотта тауарлардың нақты жеткізілуін белгілеу камералдық бақылау нәтижелері бойынша Хабарламаның күшін жою үшін сөзсіз негіз болып табылады.№6001-23-00-6ап/299 10.08.2023 ж.Тал...

Толық оқу »

496-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып берудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

496-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып бе...

Толық оқу »

Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы іс жүргізу құқығы нормаларының тән бұзушылықтары

Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы іс жүргізу құқығы нормаларының тән бұзушылықтарыЕгер өтініш беру немесе істі ерекше іс жүргізуде қарау кезінде сотқа ведомстволық бағын...

Толық оқу »

Мүлікті меншік құқығында иелену, пайдалану және оған билік ету фактісін белгілеу туралы

Мүлікті меншік құқығында иелену, пайдалану және оған билік ету фактісін белгілеу туралыИ. сотқа мүлікті меншік құқығында иелену, пайдалану және билік ету фактісін анықтау тура...

Толық оқу »

159-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуін растау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

159-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуін растау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      Кеден орган...

Толық оқу »

Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға арнайы қоныста болу фактісін анықтау

Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға арнайы қоныста болу фактісін анықтауАзаматтардың осы санат бойынша өтініш жасауының себебі "жап...

Толық оқу »

Егер өтініш берушінің сотқа жүгінуі азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың дұрыс болмауынан туындаса, фактілік қатынастар белгіленбейді

Егер өтініш берушінің сотқа жүгінуі азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың дұрыс болмауынан туындаса, фактілік қатынастар белгіленбейдіЧ., 1962 жылы 26 қарашада туған, 2013 ж...

Толық оқу »

40-бап. Масс-медиада балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер Масс-медиа туралы Заңы

40-бап. Масс-медиада балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштерМасс-медиа туралы Заңы      1. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған ж...

Толық оқу »

Өзін баланың әкесі деп таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) адам қайтыс болған жағдайда, оның әке болуды тану фактісі сот тәртібімен анықталуы мүмкін

Өзін баланың әкесі деп таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) адам қайтыс болған жағдайда, оның әке болуды тану фактісі сот тәртібімен анықтал...

Толық оқу »

Мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын заңды фактілерді анықтау

Мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын заңды фактілерді анықтауЗаңды маңызы бар фактілерді анықтау істері факт туралы даудың болуы мүмкін, бірақ құқық туралы даудың сөзс...

Толық оқу »