138-бап. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылауды салық органы тәуекелі жоғары электрондық шот-фактуралардың жазып берілуінің жолын кесу мақсатында жүргізеді.
2. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау:
1) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін автоматтандырылған бақылау (бұдан әрі – автоматтандырылған бақылау);
2) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін салыстырмалы бақылау (бұдан әрі – салыстырмалы бақылау) нысанында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
138-бап. Салықтық тексеру ұғымы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру салықтық тексеру болып табылады.
2. Салықтық тексерулерді тек қана салық органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы