8-бап. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оны жою Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Судың зиянды әсері деп мыналар түсініледі:
1) су тасу, су басу, топан су басу;
2) жағалаудың шайылуы, қорғаныш дамбалардың және басқа да құрылысжайлардың қирауы;
3) жердің батпақтануы және сортаңдануы;
4) топырақ эрозиясы;
5) көшкіндердің, сел ағындарының және басқа да зиянды құбылыстардың болуы.
2. Судың зиянды әсерінің алдын алу және жою болжауды, бағалауды, жоспарлауды және ден қоюды қамтитын шаралардың бірыңғай жүйесін көздейді.
3. Судың зиянды әсер ету қаупін болжау және бағалау, сондай-ақ олардың алдын алу және жою жөніндегі негізгі іс-шаралар су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарларында айқындалады.
4. Судың зиянды әсерінің алдын алу және жою жөніндегі негізгі іс-шараларға:
1) жерүсті су объектілеріне санация жүргізу;
2) тасқын су мен еріген судан қорғау және (немесе) оларды су қоймаларын, көл жүйелері мен жерасты суларының көзін толықтыруға бұру және (немесе) қайта бөлу үшін елді мекендерді, өнеркәсіптік объектілерді, ауыл шаруашылығы алқаптарын, көлік инфрақұрылымы объектілерін, қауіпті өндірістік объектілерді қорғаудың инженерлік жүйелерін құру;
3) жерүсті су объектілерінің жайылма учаскелеріне орман өсіру;
4) тасқын және еріген сулардың алдын алуға және олардан қорғауға бағытталған өзге де іс-шаралар жатады.
Су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарларына енгізілген судың зиянды әсерінің алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ өңірлік жағдайлардың ерекшеліктері ескерілген өзге де іс-шаралар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларында көзделеді.
Бір су шаруашылығы бассейнінің аумағына кіретін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана суларының зиянды әсерінің алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралар өзара келісілуге және үйлестірілуге тиіс.
5. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иелері судың зиянды әсерінің алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде:
1) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану қағидаларын сақтауға;
2) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігінің жай-күйін жүйелі талдауға;
3) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды ұдайы зерттеп-қарауды жүргізуге;
4) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтер құруға;
5) гидротехникалық құрылысжайлардағы азаматтық қорғаудың жергілікті құлақтандыру жүйелерін тұрақты әзірлікте ұстауға міндетті;
6. Судың зиянды әсерінен туындаған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Қазақстан Республикасының су қорына меншік құқығын Қазақстан халқының мүддесі үшін тек қана мемлекет жүзеге асырады.
2. Қазақстан халқының мүддесі үшін су қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
3. Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы