182-3-бап. Уран өндірудің салдарын жою жобасы Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі
1. Уран өндіру жөніндегі операциялардың салдары жою жоспарының негізінде әзірленген жою жобасына сәйкес жойылады.
2. Жою жоспары – өндіру учаскесінде орналасқан кенішті және басқа да өндірістік және инфрақұрылымдық объектілерді пайдаланудан шығару жөніндегі іс-шаралардың, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде бүлінген жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралардың, прогрессивті жоюды жүргізу жөніндегі іс-шаралардың, өндіру жөніндегі операциялар салдарын жою жөніндегі өзге де жұмыстардың сипаттамасын, сондай-ақ жою жөніндегі осындай іс-шаралар құнын есептеуді қамтитын құжат.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жою жоспары болмаған кезде уран өндірудің салдарын прогрессивті жоюға тыйым салынады.
4. Уран өндірудің салдарын жою жоспары мен жобасына қойылатын талаптар уран саласындағы уәкілетті орган бекітетін уранды барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.
5. Уран өндірудің салдарын жою жоспары жер қойнауы учаскесінің және жойылуға жататын тиісті технологиялық объектілердің іс жүзіндегі жай-күйі негізге алына отырып, әр үш жыл сайын жасалады.
Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 337-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау