Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 128-бап. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасын қалыптастыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

128-бап. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасын қалыптастыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

128-бап. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасын қалыптастыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қалыптастырылады. 

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасына осы Заңның 116-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар, активтер және қамтамасыз ету ақысы кірмейді. 

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасына инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік кірмейді. Көрсетілген мүлік, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер тарату комиссиясының исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына берілуге тиіс. 

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын таңдау және оларға инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы