Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 53-1-бап. Төтенше жағдайларды жою кезінде көлікті пайдалану Азаматтық қорғау туралы Заңы

53-1-бап. Төтенше жағдайларды жою кезінде көлікті пайдалану Азаматтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

53-1-бап. Төтенше жағдайларды жою кезінде көлікті пайдалану Азаматтық қорғау туралы Заңы

      1. Төтенше жағдайларды жою кезінде төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігі (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) пайдаланылуы мүмкін. Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Төтенше жағдайларды жою кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар төтенше жағдайларды жою басшысына көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай цифрлық жүйесіне және агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне шектеулі қолжетімділіктің берілуін қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ. 

      Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы