Іс бойынша тараптар ұсынған дәлелдемелердің құқықтық бағалауына негізделген арызданушының өтініші сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.
А. талап арызында жауапкерлердің пайдасына кәмелетке толмаған төрт баласын асырап-сақтау үшін өндірілген алимент мөлшері 2010 жылғы 19 наурыздағы сот шешімімен азайтылып, әр жауапкердің пайдасына өндірілетін алимент мөлшері табысының ¼ бөлігі мөлшерінде белгіленгенін, кейін 2013 жылғы 18 қазанда жауапкер С.-ның пайдасына 2010 жылғы 10 қыркүйекте туған қызы М.-ны және 2013 жылғы 09 маусымда туған ұлы Н.-ны асырап-сақтау үшін ай сайынғы еңбек табысынан ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндіруге сот бұйрығы қабылданғанын, қазіргі уақытта табысынан 83 пайыз алимент өндірілетінін көрсетіп, алимент мөлшерін азайтуды сұраған. Қызылорда облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 26 ақпандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Қызылорда қалалық сотының 2013 жылғы 4 желтоқсандағы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, А.-ның барлық табысының және өзге де кірісінен жауапкер С.-ның пайдасына төрт балаға өндірілетін алименттің мөлшері 25%, жауапкер Б.-ның пайдасына екі балаға өндірілетін алименттің мөлшері 25%-ға дейін азайтылған. Қызылорда облыстық соты кассациялық сот алқасының 2014 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.
Арызданушы С. өтінішінде іс бойынша қабылданған сот қаулыларымен келіспей, материалдық және отбасының ауыр жағдайын соттар ескермегенін көрсетіп, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертіп, сот алқасы қаулыларының күшін жойып, өзінің пайдасына өндірілетін алимент мөлшерін 34 %, Б.-ның пайдасына 16 % деп белгілеуді сұрайды. Іс бойынша құжаттарды тексеріп, өтініштің уәждерін зерттеп, алқа судьялары қадағалау іс жүргізуін қозғауға негіз жоқ деген қорытындыға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің (бұдан әрі – АІЖК) 387-бабына сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Алайда, іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген. Жиналған дәлелдерден көрінгендей, Қызылорда қалалық сотының 2010 жылғы 19 наурыздағы шешімімен жауапкерлер С. мен Б.-ның әрқайсының пайдасына талапкер А.-дан табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде өндіріліп келген алимент ¼ бөлікке дейін азайтылған. Кейін ерлі-зайыпты А. мен С.-ның арасында 2010 жылғы 10 қыркүйекте қызы М. және 2013 жылғы 09 маусымда ұлы Н. дүниеге келген. Осы балаларды асырап-сақтау үшін С.-ның арызы негізінде 2013 жылғы 18 қазанда талапкердің табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндіруге сот бұйрығы шығарылған. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 139-бабының 2-тармағына сәйкес, белгіленген үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
Бірінші сатыдағы сот талап арызды қанағаттандыру барысында, талапкер А.-ның жауапкер С.-мен бірге тұрып, балаларын толық отбасында тәрбиелеп отырғандарын, ал жауапкер Б.-ның екі баласын бір өзі асырапбағып отырғанын, сондықтан талапкер екінші құрған отбасымен оның балалары алимент төлеу барысында кемшілік көрмейтіндігін негізге алған. Апелляциалық және кассациялық сот алқалары бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін тексеріп, оны өзгертуге жатпайды деген қорытындыға келген. Бұл тұрғыда іс бойынша тараптар ұсынған дәлелдемелердің құқықтық бағалауына негізделген арызданушының өтініші сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды. Сондықтан, қадағалау сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін, облыстық соттың апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларын қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тартты. Қаулының көшірмесі өтініш иесіне жолданды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Іс бойынша тараптар ұсынған дәлелдемелердің құқықтық бағалауына негізделген арызданушының өтініші сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.
334 рет жүктеп алынды -
Іс бойынша тараптар ұсынған дәлелдемелердің құқықтық бағалауына негізделген арызданушының өтініші сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.
306 рет жүктеп алынды