71-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің дәлелдемелерін қамтамасыз ету тәртібі
1. Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді судья істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе істі бірінші сатыдағы сотта қарау кезінде өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.
2. Өтінім берушіге және іске қатысатын басқа адамдарға дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі соттың дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша жеке іс жүргізу әрекетін жасауына кедергі болып табылмайды.
3. Хаттамалар және қамтамасыз ету тәртібімен жиналған барлық дәлелдемелер істі қарайтын сотқа бұл туралы іске қатысатын адамдарды хабардар ете отырып беріледі. Осы бапта сот тиісті өтінішті қанағаттандырған жағдайда дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша іс жүргізу әрекетін жүргізу тәртібі көзделген.
1. Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді судья істі АІЖК-нің 165-бабында көзделген өкілеттіктерге сәйкес сот талқылауына дайындау кезінде не істі сот талқылауына тағайындағаннан кейін, бірақ дәлелдемелер әдеттегідей алынуы және зерттелуі мүмкін сот отырысы өткізілгенге дейін жүргізе алады. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша іс жүргізу әрекетін жүргізу мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы сот іске қатысушы адамдарды, олардың өкілдерін (АІЖК-нің 127-бабының бірінші бөлігі) хабардар етеді. Сондай - ақ жауап алу туралы өтініш мәлімделген куәгерлер, ал қажет болған жағдайда сот төрелігіне жәрдемдесетін өзге де қатысушылар (мамандар, аудармашылар) шақырылады.Іске қатысушы адамдардың келмеуі соттың дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша жеке іс жүргізу әрекетін жасауына кедергі болып табылмайды. Заңда іске қатысушы адамдардың соттың оларға тиісінше хабарламауы салдарынан келмеуінің салдары көрсетілмеген. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету мерзімі туралы заңның талабы императивті сипатта болғандықтан ("үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі"), мұндай жағдайда сот сұралған іс жүргізу әрекетін жасайды және іске қатысушы адамдар келмеген жағдайда, іс жүргізу әрекетінің нәтижесінде алынған дәлелдемені сот жалпы тәртіппен бағалайды (АІЖК-нің 68-бабы). Іске қатысушы, соттың тиісінше хабарламауына байланысты келмеген адамдар дәлелдемелерді қамтамасыз ету нәтижесінде алынған дәлелдемелерге өз қарсылықтарын білдіруге, сондай-ақ сол дәлелдемелерді қайта (мүмкін болған жағдайда) зерттеу туралы (мысалы, куәдан қайта жауап алу) өтініш жасауға құқылы.
3. Хаттамалар мен дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен жиналған дәлелдемелерді істі қарайтын сотқа беру туралы осы баптың үшінші бөлігінің редакциясы 75-баптың бірінші бөлігіне сәйкес дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініштер дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі іс жүргізу әрекеттері жасалуы тиіс аумақтылығы бойынша сотқа берілген бұрын қолданыста болған АІЖК-де көзделген жағдайды ішінара көрсетеді. Осыған байланысты дәлелдемелерді қамтамасыз етуді жүргізген сот іске қатысушы адамдарды хаттамалар мен дәлелдемелерді істі қарайтын сотқа беру туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта мұндай іс жүргізу әрекеттерін істі қарайтын сот жасайды (АІЖК-нің 70-бабының бірінші бөлігінің түсініктемесін қараңыз), осыған байланысты жекелеген іс жүргізу әрекеттерінің жасалған хаттамалары және қамтамасыз ету тәртібімен жиналған дәлелдемелер бұл туралы іске қатысушы адамдарға хабарламай, дәлелдемелерді қамтамасыз ету жүргізілген істің материалдарына қоса тіркеледі. қамтамасыз ету тәртібімен сот тапсырмасын орындау нәтижесінде алынған дәлелдемелер (АІЖК-нің 69-бабының екінші бөлігінің түсініктемесін қараңыз) істі қарайтын сотқа беріледі. Сот тапсырмасын орындаудың жалпы тәртібімен іске қатысушы адамдарды істі қарайтын сотқа хаттамалар мен материалдарды жіберу туралы хабардар ету көзделмеген (АІЖК-нің 75-бабының үшінші бөлігі). Осыған байланысты мұндай хабарламаға қажеттілік және сот тапсырмасын орындау тәртібімен дәлелдемелерді қамтамасыз ету кезінде де жоқ болып көрінеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ
Астана, 2016 жыл
УДК 347 (574)
К 63
ISBN 978-601-236-042-4
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы