385-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын:
1) аңшылық алқаптарда болуды заңсыз шектеу;
2) аң аулаудың тыйым салынған түрлерін, тәсілдерін және мерзімдерін қолдану;
3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет қайталап жасалған әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аңшылық шаруашылық жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы