Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 383-бап. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

383-бап. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

383-бап. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 

      1. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық –  

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу – 

      әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 

      әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      5. Балықтың су тарту құрылыстарына түсуінен қорғау үшін арнайы бейімделген құрылғыларды орнатпай, балық шаруашылығының су айдындарынан су тарту – 

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

335-бап. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

335-бап. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Балық ресурстарын, басқа да су жануарлар...

Толық оқу »

287-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз өндіру

287-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз өндіру 1. Егер бұл әрекет елеулі залал келтіре отырып не жарылғ...

Толық оқу »

384-бап. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

384-бап. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Р...

Толық оқу »

383-бапқа түсініктеме. Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

383-бапқа түсініктеме. Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін б...

Толық оқу »

384-бапқа түсініктеме. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын бұзу

384-бапқа түсініктеме. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұ...

Толық оқу »

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерiЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн м...

Толық оқу »