586-бап. Шағын көлемді кемелердің тұрақ орындарына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Шағын көлемдi кемелердiң тұрақ орындарына арналған базаларда (құрылыстарда) шағын көлемдi кемелердi базаға қою нормаларын, базаларды (құрылыстарды) пайдалану қауiпсiздiгiне арналған шарттар мен техникалық талаптарды бұзу, сол сияқты көрсетiлген базаларда (құрылыстарда) белгiленген тәртiппен тiркелмеген шағын көлемдi кемелердi күтіп-ұстау –
жеке және лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемдi кемелердiң жүзуге шығуын және базаға қайтуын бақылаудың белгiленген режимiн сақтамау –
ескерту жасауға немесе жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы