378-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, жануарлардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы